Жылыту және желдету оқу зертханасы
Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: Г 2-116 кабинет
«Жылыту және желдету» зертханасы бакалавриаттардың 6B07311 «Инженерлік жүйелер мен желілер» және магистратура 7М07310 «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибеге бағдарланған білім беру моделін іске асыру үшін оқу-өндірістік база болып табылады.
Зертханалық база және ірі өндірістік-практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер штаты облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін кәсіби салада біліктілікті арттыру бойынша қызметтер көрсетуге, Инженерлік жүйелер мен желілер саласында зертханалық-қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Зертхана қызметтерінің бағыттары
- студенттердің дағдыларын техникалық білімдерін дамыту арқылы оқу үдерісінде практикалық және теориялық білім арасындағы алшақтықты жою;
- келесі пәндер бойынша оқу үдерісіне жәрдемдесу: Гидравлика және аэродинамика, Техникалық термодинамика, Гидрогазодинамика, Жылыту, Жылумен қамту, желдету, ауаны баптау, Ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жүйелері, Инженерлік жабдықтар, Санитарлық-техникалық жабдықтар (арматура, құбырлар, фитингтер, фасондық бөлшектер), Биік ғимараттарды сумен қамту және суларды бұру, Биік ғимараттарды инженерлік жобалау, Арнайы нысандардың инженерлік жүйелері, Инженерлік желілер, Ерекше табиғи жағдайларда ғимараттар салу кезінде ғимараттардың ішкі инженерлік жүйелерінің сенімділігі, Пайдалану кезінде ғимараттардың ішкі инженерлік жүйелерін пайдалану, Баламалы көздерді қолдану, Ғимараттар мен үймереттерді энергиясын тиімді жобалау, Газбен қамту, Газ шаруашылығын ұйымдастыру және жоспарлау, Сорғыштар мен желдеткіштер, Жылу шығаратын қондырғылар.
- қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті маман – Д. Серікбаева Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегі даярлау сапасын жетілдіру;
- студенттерге ішкі инженерлік жүйелердегі әртүрлі қондырғылар мен аппараттардың жұмыс принциптерін игеруге мүмкіндік беретін теориялық дәріс сабақтарында алынған материалдарды практикалық зерттеу;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибелер кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;
- тәжірибелік білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ішкі инженерлік жүйелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи зерттеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды зерделеу бойынша семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және өткізу.
Зертхана жабдықтары
- Элеватор түйіні;
- Калориферия қондырғысы;
- Әртүрлі жылыту аспаптары бар қондырғысы;
- Ауа сору қондырғысы;
- Санитарлы-техникалық арматуралар;
- Фасонды бөлшектер;
- Гайкалы кілттер жиынтығы.
- Г-1-104 кабинетте AutoCAD және Autodesk Revit бағдарламаларымен жарақтандыру 2021.
Зертхананың кадрлық әлеуеті
№ | АЖТ | Лауазымы | Ғылыми дәрежесі, атағы |
---|---|---|---|
1 |
Колпакова В.П. |
профессор |
д.т.н., доцент ВАК РК |
2 |
Мамырбекова Г.К. |
аға оқытушы |
т.ғ.м.. |
3 |
Анапьянова С.Б. |
аға оқытушы |
т.ғ.м. |
4 |
Хавкей Х. |
СШжСПСҚТТО инженері |
|
Зертхана базасында өткізілетін оқу пәндері, курстар мен тәжірибелер
Темы лекции на Open Edx платформасындағы дәріс тақырыптары
- Сыртқы сумен қамту
- Ішкі су құбыры жіктелуі, сұлбасы
- Енгізу құбыры. Су өлшеуші түйін. Су өлшегіштер
- Ішкі су құбырында қолданылатын құбырлар, арматуралар, материалдар
- Үймеретердің өртке қарсы жүйесі
- Ыстық сумен қамту жүйесі
- Су бұрқақтары
- Үймереттердің ішкі канализация жүйесі
- Ішкі канализация жүйесі құрылғылары
- Суағарлар
- Қоқыс жою
- Жылыту жүйесі
- Желдету жүйесі
- Ауа баптау жүйесі
- Құттықтау видеосы (Кіріспе)
Зертхана сабақтарының тақырыптары
№ | Мамандығы | Пәндер | Зертхана жұмыстарының тақырыптары |
---|---|---|---|
1 |
6B07311- «Инженерлік жүйелер мен желілер»
|
1.Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері/ Үймереттің санитарлы-техникалық қондырғылары 2.Арнаулы нысандардың инженерлік жүйелері/Ерекше табиғи жағдайдағы үймереттер құрылысы кезіндегі инженерлік желілер 3.Пайдалану кезіндегі үймереттердің ішкі инженерлік жүйелерінің сенімділігі/ Пайдалану кезіндегі үймереттердің ішкі инженерлік жүйелерін қолдану |
Болаттан жасалған су-газ құбырларының, фасондық бөліктердің түрлері мен өлшемдерін анықтау |
Арматураның түрлері мен өлшемдерін анықтау |
|||
Жуу бачоктарының конструкцияларын зерттеу және олардың жұмыс сипаттамаларын алу |
|||
Ішкі канализация жүйелері, сантехникалық кабиналар және олардың жабдықтары үшін пайдаланылатын пішінді бөліктердің түрлерін анықтау |
|||
1. Желдету/ Ауаны баптау |
Санитариялы-гигиеналық жағдайлар және бөлінетін зияндар бойынша зертхана бөлмесінде қажетті ауа алмасуды анықтау |
||
Сүзгі кедергісін және ауаны тазарту коэффициентін анықтау |
|||
Айдамалау ағынын зерттеу |
|||
Сору факелін зерттеу |
|||
Құбырдың көлденең қимасындағы жылдамдықтың таралуы |
|||
Құбырлардың үйкеліс қысымының меншікті шығынын анықтау |
|||
Айдамалау үш тармағының жергілікті кедергі коэффициенттерін анықтау |
|||
Дефлектордың кедергі коэффициентін эксперименттік анықтау |
|||
Аэрациялық фонардың аэродинамикалық сипаттамаларын эксперименттік анықтау |
|||
2 |
6B07311-« Инженерлік жүйелер мен желілер»
|
1.Гидравлика және аэродинамика/Техникалық термодинамика 2. Жылыту/ Жылумен қамту 3. Сорғыштар мен желдеткіштер/ Жылу реттегіш қондырғылар |
Жылыту аспаптарындағы жылу тасымалдағыш ағыны коэффициентін анықтау. |
Пластиналық калориферді сынау |
|||
Жылытуға арналған қыздыру аспаптары жұмысын зерттеу |
|||
Жылу торабы жұмысын зерттеу |
|||
Желдеткіштер жұмысын зерттеу |
|||
Арматураның түрлері мен өлшемдерін анықтау |
|||
Жуу бачоктарының конструкцияларын зерттеу және олардың жұмыс сипаттамаларын алу |
|||
Ішкі канализация жүйелері, сантехникалық кабиналар және олардың жабдықтары үшін пайдаланылатын пішінді бөліктердің түрлерін анықтау |
|||
2 |
7М07310 – «Сумен қамту және канализация» |
1.Биік үймереттерді сумен қамту және суларын бұру 2.Биік үймереттерді инженерлік жобалау |
Болаттан жасалған су-газ құбырларының, фасондық бөліктердің түрлері мен өлшемдерін анықтау |
Арматураның түрлері мен өлшемдерін анықтау |
|||
Ішкі канализация жүйелері, сантехникалық кабиналар және олардың жабдықтары үшін пайдаланылатын пішінді бөліктердің түрлерін анықтау |
Орталық жетекшісі:
Колпакова Валентина Павловна, т.ғ.д., профессор
Байланыс ақпараты: vkolpakova53@mail.ru
«Атмосфера» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлерімен біліктілікті арттыру курсын өткізу кезінде «Калориферлік қондырғының жұмысын зерттеу, статикалық және динамикалық қысымды өлшеу» зертханалық жұмысы
«Ауа сору құбырындағы үйкеліс қысымының меншікті шығынын анықтау» зертханалық жұмысы
Соңғы өзгерістер күні:07.02.2025