«Гидравлика» оқу зертханасы
Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы
Орналасқан жері: Г 2-117
Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының «Гидравлика» зертханасы «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Инженерлік жүйелер мен желілер» бакалавриатының, «Сумен қамту және канализация» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің тәжірибеге бағдарланған моделін іске асыру үшін оқу-өндірістік база болып табылады.
Зертхана студенттерге, магистранттарға және қызметкерлерге тәжірибеге бағытталған оқыту мен зерттеу жұмыстарының негізі болып табылады. Зертхана өндіріс жағдайында гидравликалық үрдістерді кәсіби бақылауға, зерттеуге және талдауға қабілетті студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру үшін құрылған.
Зертхана қызметінің бағыты:
- студенттердің және магистранттардың техникалық білім дағдыларын дамыту арқылы оқу барысында тәжірибелік және теориялық білім арасындағы алшақтықты жою;
- келесі пәндер бойынша оқу үрдісіне ықпал ету: бакалаврлар үшін - Гидралика, Гидрогазодинамика, Арна гидравликасы, Гидравлика және аэродинамика; магистранттар үшін - Сумен қамту және суды бұру жүйелері мен ғимараттарының гидродинамикасы, Гидродинамикалық және гидрохимиялық үрдістерді тәжірибелік зерттеу.
- студенттерге және магистранттарға гидравлика, гидравликалық үрдістер және гидродинамика негіздерін игеру үшін дәрістік сабақтарда алған теориялық материалдарды тәжірибелік түрде оқып, зерттеу;
- өндірістік кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибелер кезінде студенттер жүргізетін зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;
Зертхананың кадрлық әлеуеті
№ | АЖТ | Лауазымы | Ғылыми дәрежесі, атағы |
---|---|---|---|
1 | Мамырбекова Г.К. | аға оқытушы | техника және технология магистрі |
2 | Давыдов Ю.Ф. | аға оқытушы | РФ т.ғ.к. |
3 | Нурекенова Р.Т. | оқытушы |
Зертхана базасында өткізілетін оқу пәндері, курстар мен тәжірибелер:
- Гидравлика;
- Гидрогазодинамика;
- Гидравлика және аэродинамика;
- Арна гидравликасы;
- Сумен қамту және суды бұру жүйелері мен ғимараттарының гидродинамикасы;
- Гидродинамикалық және гидрохимиялық үрдістерді тәжірибелік зерттеу;
Зертхананың қондырғылары мен жабдықтары:
- Паскаль қондырғысы;
- Дарси колонкасы;
- Жер бөгетінің макеті;
- Сұйықтықты реттеу қондырғысы;
- Су жылдамдығын анықтау қондырғысы;
- Су өтімін өлшеу қондырғысы;
- Гидравликалық таран қондырғысы;
- Гидравликалық соққы қондырғысы;
- Сұйықтықтың бірқалыпсыз қозғалысының қондырғысы;
- Сорап кавитациясын анықтау қондырғысы;
- «Сұйықтық механикасы» -гидравликалық оқу стенд -қондырғысы.
Зертханада жүргізілетін зертханалық жұмыстардың тізбесі:
- Паскаль қондырғысында гидростатикалық қысымды өлшеу.
- Бернулли теңдеуі бойынша пьезометрлік және арынды желілерді тұрғызу.
- Сұйықтық қозғалысының тәртібін оқып, зерттеу.
- Сұйықтықтың жергілікті кедергілер арқылы қозғалысы зерттеу кезінде арын жоғалуды және жергілікті кедергілер коэффицентін анықтау.
- Сұйықтықтың саңылаулар мен саптамалар арқылы ағуы.
- Тікбұрышты науада гидравликалық ырғыманы зерттеу.
- Гидравликалық соққыны зерттеу.
- Суөлшегіштер. Жедел су өлшегіштердің гидрометриялық сипаттамаларын зерттеу.
- Су өтімдерін көлемдік тәсілмен анықтау тәсілін зерттеу.
- Сұйықтық ағысының тәртібін зерттеу. Ламинарлы және турбулентті ағыстарды визуализациялау.
- Әртүрлі ағыс тәртібінде құбырлар сипаттамасын зерттеу.
- Сұйықтықтың батырылмаған ағысының механикалық кедергіге күштік әсерін зерттеу.
01.02.2023