«Су ресурстарын интегралды басқару» оқу зертханасы
Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы

 

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ:  Г2-106 кабинет

«Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы» - ның «Су ресурстарын интегралды басқару» зертханасы - «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Инженерлік жүйелер мен желілер» бакалавриатының, «Сумен қамту және канализация» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің тәжірибеге бағдарланған моделін іске асыру үшін оқу-өндірістік база болып табылады.

Зертханалық база және өндірістік-практикалық тәжірибесі мол қызметкерлер штаты облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін кәсіби салада біліктілікті арттыру бойынша қызметтер көрсетуге, су секторы саласында зертханалық-қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 Зертхана қызметінің бағыттары

  • студенттердің дағдыларын техникалық білімдерін дамыту арқылы оқу үдерісінде практикалық және теориялық білім арасындағы алшақтықты жою;
  • су ресурстарын кешенді пайдалану, су ресурстарын интегралды басқару, гидротехникалық ғимараттар, су түйндерінің элементтерін жобалау; су тастау ғимараттарын есептеу; арналық гидравлика пәндері бойынша оқу үдерісіне жәрдемдесу;
  • студенттерге су түйіндері мен су шаруашылығы жүйелерінің әртүрлі элементтерінің жұмыс принциптерін игеруге мүмкіндік беретін теориялық дәріс сабақтарында алынған материалдарды практикалық зерттеу;
  • өндірістік кәсіпорындарындағы өндірістік тәжірибелер кезінде студенттер жүргізетін зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;
  • су шаруашылығы және су пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи зерттеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды зерделеу бойынша семинарлар, конференциялар, біліктілікті арттыру курстарын, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыру және өткізу.

 

Зертхана жабдықтары

  • Ертіс өзеніндегі ГЭС каскадының макеті;
  • Кешенді су түйіндерінің макеті;
  • «Су түйіндерінің элементтері» зертхана қондырғысы;
  • Зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды жүргіуге арналған оқу құралы (компьютер, телевизор, Mike Flood бағдарламалық жарақтандыру );
  • Ұңғыма сүзгілерінің модельдері;
  • Гидрологиялық тәжірибе жүргізуге арналған аспаптар:
    • Вертушка  ГР-21М1
    • Секки дискілері
    • Қол лотасы
    • Батометр ГР-18

 

Зертхананың кадрлық әлеуеті

  • Колпакова В.П., қауымдастырылған профессор, т.ғ.д., ҚР ВАК доценті;
  • Еремеева Ю.Н., аға оқытушы, т.ғ.к.;
  • Нурекенова Р.Т., оқытушы.

 

Зертхана базасында өткізілетін оқу пәндері, курстар мен практикалар

  • Су ресурстарын кешенді пайдалану;
  • Су ресурстарын интегралды басқару;
  • Гидротехникалық ғимараттар;
  • Су түйіндері элементтерін жобалау;
  • Су тастау ғимараттарын есептеу;
  • Арна  гидравликасы;
  • Ауылшаруашылығын сумен қамту;
  • Гидро күштік қондырғылар;
  • Қойма шаруашылығының өндірістік қауіпсіздігі

 

Зертханалық сабақтардың тақырыбы

6В08601 – «Су ресурстары және суды пайдалану»; пәндер: Гидротехникалық ғимараттар, Су түйіндері элементтерін жобалау

  • Үш бұрышты су ағар көмегімен су шығынын анықтау.
  • Су ұрма құдығы параметрлерін зерттеу
  • Жасанды кедір-бұдырмен жылдам ағысты  зерттеу
  • Жылдам ағыстың гидравликалық есебі
  • Жылдам ағыстың еркін беті желісін құру
  • Көп сатылы сарқырама есебі
  • Екі сатылы сарқыраманы зерттеу
  • Ертіс өзеніндегі ГЭС каскады макетіндегі гидротехникалық ғимараттарды  зерттеу

6В08601 – «Су ресурстары және суды пайдалану»; пәндер: Су түйіндерінің су алу ғимараттарын есептеу, Арна гидравликасы

  • Үш бұрышты су ағар көмегімен су шығынын анықтау.
  • Жылдам ағыстың гидравликалық есебі
  • Жылдам ағыстың еркін беті желісін құру
  • Екі сатылы сарқыраманы зерттеу

7М07310 – «Сумен қамту және канализация»

  • Үш бұрышты су ағар көмегімен су шығынын анықтау.
  • Су ұрма құдығы параметрлерін зерттеу
  • Жасанды кедір-бұдырмен жылдам ағысты  зерттеу

 

Орталық жетекшісі:

Колпакова Валентина Павловна, қауымдастырылған  профессор, т.ғ.д, ҚР ЖАК доценті

Байланыс ақпараты: vkolpakova53@mail.ru

Соңғы өзгерістер күні:
05.02.2025