7M07115 - Жаңартылатын энергия

  Мәтінді оқу  

Делавер университеті (Delaware University, АҚШ) мен біздің университет ынтымақтастықта бірлесе отырып және American Councils for International Education қолдауымен жаңартылатын энергетика саласындағы жобаны іске асырды. Нәтижесінде 7М07115 - Жаңартылатын энергетика саласы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы әзірленді.

Оның бағытын көрсететін БББ негізгі идеясы: Бағдарлама жаңартылатын энергетика технологиялары мен жабдықтарын енгізу және бағалау бойынша жұмыс жүргізуге, сондай-ақ ЖЭК қолдану саласында ғылыми-техникалық мектепті дамытуға қабілетті түлектерді даярлауға бағытталған.