7M07305 - Құрылыс

Бағдарламаның өзектілігі  

Жобалау фирмаларында, құрылыс ұйымдарында, ғылыми - зерттеу ұйымдарында және жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастыру-басқару және өндірістік-технологиялық қызмет үшін жоғары білікті мамандар даярлау.

Халықаралық серіктес - ЖОО:

  • Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, РФ

Бизнес-серіктес:

  • «Үлбітехцентр» ЖШС
  • «Antпроект» ЖШС

Оқыту тілдері:

  • орыс, қазақ

БББ мақсаттары:

Тереңдетілген ғылыми дайындық, ғылыми зерттеулерге, жобалық, патенттік және инновациялық қызметке қатысу негізінде ғылыми - зерттеу, жобалау-конструкторлық және ұйымдастыру-басқару қызметі үшін жоғары дәрежелі магистрлерді дайындау.

Түлектің құзыреттілік моделі:

  • Жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау және стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жобалық және технологиялық құжаттаманы ресімдеу, соның ішінде автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып.
  • Құрылыста кешенді, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды әзірлеу үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдана білу, құрылыс объектілерін жобалау және тұрғызу кезінде шикізат, энергетикалық және басқа да ресурстар түрлерін тиімді пайдалану тәсілдерін қолдана білу.

Білім беру базасы:

  • Зертхана жабдықтары: FUTURUM құрылыс конструкцияларының сапасы мен сенімділігін бақылау секторының материалдық базасы.

Құрылыс конструкцияларының сапасы мен сенімділігін бақылау секторының беріктілік сипаттамаларын бұзбайтын бақылау және геометриялық параметрлерін анықтау аспаптары

  • Ақпараттық ресурстар: Revit, Tekla Structures және BIM-жобалаумен байланысты бағдарламалар, AutoCAD (Компас), SCAD және т. б.

Жетекші лекторлар:

  • Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің жетекші оқытушылары;
  • Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің жетекші оқытушылары;
  • Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ сәулет, құрылыс және дизайн мектебінің жетекші оқытушылары;
  • Құрылыс саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жетекші мамандар.

Білім алушылардың тағылымдамалары:

  • Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті;
  • Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті.