Бағдарламаның өзектілігі
Заманауи құрылыс индустриясының алдында тұрған жаһандық міндеттер үшін инновациялық білім беру және зерттеу шешімдерін ұсыну.
Бейіндік бағыт бойынша кадрларды даярлау.
"7M07313 Құрылыс" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология магистрлері құрылыс-монтаждау және жобалау-конструкторлық ұйымдарда өндірістік-басқару лауазымдарын және жобалау-конструкторлық лауазымдарды атқара алады.
Халықаралық серіктес университеттер:
- Санкт - Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, РФ.
- Самара мемлекеттік техникалық университеті, РФ.
Бизнес-серіктестер:
- ТОО «ВостокТехЭксперт»;
- ТОО «Востокоблпроект»;
- ВКФ АО «КАЗНИИСА»;
- ТОО «Ульбатехцентр».
Оқыту тілдері: орысша, қазақша
Білім беру бағдарламасының мақсаттары: Инновациялық ойлауы бар, заманауи құрылыс индустриясында озық технологияларды меңгерген, ұлттық және өңірлік нарықтың әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге қабілетті құрылыс саласында магистрлерді даярлау.
Түлектің құзыреттілік моделі:
Жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындай білу және стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келетін, оның ішінде автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып, жобалау және технологиялық құжаттаманы ресімдей білу.
Ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдау және шешу, таңдалған мамандық бойынша эксперименттік-зерттеу қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру.
Білім беру базасы:
- BIM-жобалау саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған және заманауи компьютерлермен жабдықталған.
- Ақпараттық ресурстар: Autodesk Revit, Tekla Structures, Autodesk AutoCAD, SCAD Office.
Білім беру бағдарламасының жетекші лекторлары:
- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің жетекші оқытушылары.
- құрылыс саласында практикалық тәжірибесі бар жетекші мамандар.