7M07103 - Жылу энергетика

  Мәтінді оқу  

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жылу-энергетикалық кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін отандық ғылыми-өндірістік мектептерді дамыту, магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, сондай-ақ осы БББ-ы талаптарына сәйкес жалпы мәдени (әмбебап, жалпы ғылыми, әлеуметтік және жеке, аспапты және т.б.) және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.

Оның бағытын көрсететін ББ негізгі идеясы: Бағдарлама өздерінің таңдаулы қызмет салаларында жұмыс істей алатын, еңбек нарығында әлеуметтік ұтқырлық пен тұрақтылыққа ықпал ететін әмбебап (жалпы мәдени) және пәндік-мамандандырылған (кәсіби) құзыретке ие бола алатын түлектерді оқытуға бағытталған.

Маман лауазымдарының тізбесі: цех бастығы (газ, бу беру және ауаны кондициялау); эксплуатация бойынша цех бастығының орынбасары;  жөндеу бөлімінің цех бастығының орынбасары;  сынақтар және  жабдықтарды  орнатып реттеу бөлімінің бастығы;  технологиялық инженер;  жылу техника инженері;  инженер - энергетик;  жоғарғы оқу орнынның оқытушысы; гидравлика инженері;  техникалық қызмет көрсету және жөндеу инженері;  жөндеу бойынша инженер;  ауысым бастығы (газ, бу беру және ауаны кондициялау);  қызмет көрсету шебері (газ, бу және ауаны баптау);  телім шебері;  ғылыми қызметкер.

Мамандар лауазымдарының тізбесі: Жылуды қолдану, оның ағынын басқару жəне басқа да энергия түрлерін жылу түріне айналдыру бойынша техникалық құралдарды, адам қызметінің əдістері мен əдістерін қамтиды.

Кәсіби қызмет объектісі:  жылу және атом электр станциялары, кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, шағын энергетика объектілері;  жоғары температуралы және төмен температуралы жылутехнологиялық қондырғылар, жүйелер мен кешендер;  әртүрлі мақсаттағы бу және су жылыту қазандықтары; атом электр станцияларының реакторлары мен бу генераторлары;  бу және газ турбиналары;  энергоблоктар, бу газ және газтурбиналық қондырғылар;  сығылған және сұйытылған газ өндіру қондырғылары;  компрессорлық, тоңазытқыш қондырғылар;  ауаны баптау жүйелерінің қондырғылары; жылу сорғылары;  химиялық реакторлар, отын элементтері, электрохимиялық энергия қондырғылары;  сутегі энергетикасының қондырғылары; қосалқы жылу техникалық жабдықтар;  түрлі мақсаттағы жылу және масса алмасу аппараттары; жылу және электр желілері;  өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылутехнологиялық және электр жабдықтары;  жылу тасығыштарды және жұмыс денелерін кондиционерлеу қондырғылары; технологиялық сұйықтықтар, газдар мен булар, балқымалар, қатты және сусымалы денелер энергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылардың жылу тасымалдағыштары мен жұмыс денелері;  отын және майлар;  нормативтік-техникалық құжаттама және стандарттау жүйесі;  жылуэнергетикадағы және жылутехникадағы технологиялық процестерді автоматты басқару және диагностика жүйелері.

Берілетін дәреже: "7M07103 Жылу энергетикасы " білім беру бағдарламасы бойынша Техника ғылымдарының магистрі

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты,  3 рhD докторы және 3 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады.

Магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланады. Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.

Оқу кезінде біздің магистранттар университет өміріне белсенді қатысады,сонымен қатар спорттың көптеген түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады, КТК командаларының құрамына кіреді.