Осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттар автомобиль жолдарын, көлік мақсатындағы объектілерді жобалау мен пайдаланудың инновациялық әдістері, автомобиль жолдары мен құрылыс мақсатындағы объектілерді салудың ұйымдастыру-технологиялық принциптері саласындағы құзыреттілікке ие болады. Олар жаңа жол-құрылыс материалдары, ақпараттық модельдеуді қолдана отырып, көліктік инфрақұрылым нысандарын жобалау, заманауи басқару әдістері мен көлік құрылысы саласындағы білімдерге ие болады.
Кадрларды даярлау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.
7М07304 "Автомобиль жолдары" білім беру бағдарламасының түлектері ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінде, бюроларда, компанияларда, фирмаларда және құрылыс, көлік-коммуникация, құрылыс-жол кешендерінде (кәсіпорындарында) жұмыс істей алады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға академиялық дәреже беріледі: ғылыми-педагогикалық магистратура түлектеріне-техника ғылымдарының магистрі.
ОП жетекші оқытушылары: атындағы ШҚТУ Сәулет құрылыс және энергетика імектебінің оқытушылары Д.Серікбаева.