Бағдарламалардың өзектілігі: Бұл білім беру бағдарламасы өндірістік және азаматтық нысандарды сумен қамту және су бұру жүйелерін жобалаумен, салумен, пайдаланумен және қайта құрумен байланысты кешенді міндеттерді шешетін мамандар үшін өзекті.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сумен қамту және кәріз саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Түлектің таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеуіне және еңбек нарығында тұрақты болуына мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыру.
Берілетін дәреже: 7M07310 «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылыми-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- сумен қамту және канализация жүйелері мен ғимараттарын жобалау, салу, пайдалану;
- сумен қамту және канализация жүйелері мен ғимараттарын мониторинг, бағалау және қайта құру;
- сумен қамту және канализация нысандарының санитарлық қорғау аймақтарын жобалау;
- кәсіпорындардың экологиялық қызметін бағалау.
Кәсіби қызмет нысаны:
- білім ұйымдары;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарына қызмет көрсететін ұйымдар;
- өндірістік кәсіпорындардағы сумен қамту және канализация бөлімдері мен цехтары;
- сумен қамту және суларды бұру нысандары (желілер, сорғыш бекеттері, су алу ғимараттары, тазарту ғимарататры);
- гидротехникалық ғимараттар;
- жобалау - конструкторлық ұйымдар.
Оқыту тілі: Орысша, қазақша
Білім беру базасы: «Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының» зертханалары: «Гидравлика», «Гидрохимия», «Су ресурстарын интегралды басқару», «Сорғыштар, желілер, суды дайындау», «Жылыту және желдету».
Оқу мерзімі: 2 жыл
Халықаралық университеттік серіктестік:
- Қазақ-Неміс университеті (Алматы);
- Тынық мұхит мемлекеттік университет (Хабаровск);
- Новосибир мемлекеттік су көлігі академиясы.
2021 жылы 7M07310 «Сумен қамту және канализация» ББ магистранттарының алғашқы шығарылымы болды:
Біздің түлектер-біздің мақтанышымыз!
Түлектеріміз біз туралы не айтады:
Магистрлік диссертациялардың тақырыптары
- «Ашық суландыру жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыру»
- «Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту кезінде тұндырғыштардың жұмысын қарқындатуға арналған жұқа қабатты модульдердің оңтайлы параметрлерін анықтау»
- «Құрылыс салынатын аумақтарды су басудан қорғау үшін дренаж жүйелерін жетілдіру»
- «Гидравликалық соққының әсерін ескере отырып, сумен қамту жүйесін оңтайландырудың әсерін зерттеу»
- «Құбырлы-канализация шаруашылығында арматураланған шыныпластиктен жасалған құдықтарды қолдану бойынша әзірлеу»