6В07501 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы стандарттау және сертификаттау саласындағы (салалар бойынша) жоғары білімі бар мамандарды дайындауға бағытталған, олар Д. Серікбаев ат. ШҚТУ-де оқу барысында алған білімдері мен дағдылары негізінде өз мамандығы бойынша ЖОО-дағы оқуын аяқтағаннан кейін өздері жұмыс істейтын ұйымның алдындағы кез-келген күрделі практикалық мәселелерді шешуге қабілетті. Ең алдымен бұл сапа мен тауар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік мәселесі. 

Бұл білім беру бағдарламасы студенттерде өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында стандарттау және сертификаттау саласында білім мен дағдыларды қалыптастырады.

Мамандық бойынша негізгі білім студенттерде келесі пәндерді оқу негізінде қалыптасады:

  • Стандарттау
  • Сертификаттау
  • Метрология
  • Өлшеудің жалпы теориясы
  • Квалиметрия
  • Өнім мен процесстердің сапасын басқарудың статистикалық әдістері
  • Деректер қоры және сараптамалық жүйелер
  • Сынау, бақылау және өнімнің қауіпсіздігі
  • Өндірісті метрологиялық қамптамасыз ету
  • Сапа менеджмен жүйесі
  • Сертификаттау органдарын және сынақ зертханаларын аккредиттеу
  • Стандарттар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу технологиясы
  • Сапа, стандарттау және сертификаттау экономикасы
  • Инновациялық қызмет негіздері және патенттау
  • Құрылыс материалдарын өндіру технологиясы

Студенттер оқу кезеңінде практикалық және зерттеу іс-жұмыстарын дағдылары СҚжДМның мамандандырылған зертханаларында алады, атап айтқанда УПЦ «FUTURUM», «НАДОСК», «БОСКОР» және «ИНЖИНИРИНГ» студенттік конструкторлық бюросы.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:

  • өнім, қызмет, процесс және жүйе;
  • сынақ жүргізетін зертханалар (орталықтар) мен өндірістік құрал-жабдықтар;
  • контроля сынау, бақылау және өлшеу құралдары мен тәсілдері;
  • метрология, сапа менеджменті, сертификаттау, стандарттау жүйелерінің нормативті кұжаттары;
  • метрологическое обеспечение научной, производственной, социальной и экологической деятельности экологиялық, әлеуметтік, өндірістік және ғылыми қызметтерді метрологиялық қамптамасыз ету;
  • коммерциялық қызмет.

Кәсіби қызмет саласы

Өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке бағытталған өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге, оларды әзірлеуге, өндіруге, қолдануға (тұтынуға) және метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын норма, ережелер мен талаптардың орындалуын белгілеу, іске асыру және бақылау.

Халықаралық ынтымақтастық

«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы ҚазҒЗИ, ҚазБСҚА, НГАСУ, Самара ГАСАСЫ, Санкт-Петербург ГАСУ, Санкт-Петербург политехникалық университеті Петр Великой, НИИЖБ (Мәскеу қ.) сияқты Қазақстан мен Ресейдің жақын және алыс шет елдерінің ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындарымен тұрақты шығармашылық байланыстарды қолдайды.

Студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады. Мамандық бойынша республикалық олимпиадаларда студенттер жүлделі орындарға ие болады.

Магистратура бар, оны бітіргеннен кейін түлектерге техника және технология магистрі (1-1,5 жыл оқу) немесе техникалық ғылымдар магистрі (2 жыл оқу) академиялық дәрежесі беріледі.