Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Машина жасау кәсіпорындары; автосервис; автокөлік кәсіпорындары; жабдықтарды пайдалану және жөндеу; ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету
Кәсіби қызмет объектісі:
технологиялық жабдықтар, металл кесетін станоктар, аспаптар, технологиялық жабдықтар; конструкторлық және технологиялық құжаттама
Кәсіби қызмет түрлері:
- Машина құрастыру үшін, машина бөлшектерін әзірлеу және дайындау.
- Құрылымдық бөлімшенің өндірістік қызметін ұйымдастыру.
- машина бөлшектерін дайындаудың технологиялық процесі және техникалық бақылауды жүзеге асыру.
Кәсіби қызметінің функциялары:
- бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесі және өндірісте технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау;
- Материалдар мен жабдықтардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- бұйымды белгіленген нормативтер бойынша техникалық бақылау;
- Өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
- Бөлшектерді дайындаудың технологиялық процестерін әзірлеу;
- Бұйымдарды жобалау