06120100 – «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)»

Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Техник –бағдарламашы-бұл нақты бір бағдарламалау тілінде бағдарлама кодын жазатын, бағдарламалық құралды тестілеуден өткізетін, сонымен қатар компьютерге техникалық қызмет көрсететін мамандық иесі.

Кәсіби қызмет объектісі:

Бағдарламалық қамтамасыз етудің технологиялық әдістері, тестілеу, жүзеге асыру және бағдарламаны сүйемелдеу.

Кәсіби қызмет түрлері:

Компьютердің көмегімен алдыға қойған тапсырмалардың шешімін табу үшін математикалық үлгілер мен алгоритмдерді талдау негізінде бағдарлама әзірлеу, тестілеу, жүктеу.

Кәсіби қызметінің функциялары:

  1. Бағдарламалау тілдерін нақты білу;
  2. Әртүрлі опперациялық жүйелерді меңгеру;
  3. Бағдарламалау құралдары мен бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;
  4. Мәліметтер қоры мен басты технологиялар туралы түсініктің қалыптасуы (SQL, DB2, PL/SQL);
  5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің конфигурациясы мен құралдарын дұрыс таңдай білу;
  6. Құжаттармен жұмыс жасау үшін техникалық ағылшын тілін меңгеру;