Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің
Психологиялық қызметі

Психологиялық қызмет (бұдан әрі - Қызмет) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларына психологиялық қолдау көрсетеді.

Қызметтің жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», сондай-ақ «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» заңдары, сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері басшылыққа алынады.

Психологиялық қызметтің міндетері мен қағидалары

         Қызметтің міндеттері білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру, тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыларға табысты әлеуметтендіруде психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу шеңберіндегі қызмет қағидаттары:

  • жүйелілік қағидаты;
  • жеке тұлғаның құндылығы мен бірегейлігі қағидаты;
  • орындылық және себептілік қағидаты;
  • құпиялық қағидаты.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары

         Қызмет өз ісін психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-ақпараттық бағыттарда жүзеге асырады.

1. Психодиагностикалық бағыт:

  • психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында білім алушылардың психологиялық диагностикасын;
  • білім алушыларды бейімдеу, дамыту және әлеуметтендіру, сондай-ақ аддиктивті және суицидтік мінез-құлқының алдын алу мақсатында кешенді психологиялық тексеруді;
  • білім алушылардың қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін психологиялық диагностикалауды;
  • психологиялық диагностика қорытындылары бойынша ұсынымдар дайындауды қамтиды.

2. Консультативтік бағыт:

  • білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға олардың сұраулары бойынша кеңес беруді;
  • білім алушыларға, ата-аналарға жеке және топтық кеңес беруді;
  • күйзеліс, жанжал, күшті эмоционалдық күйзеліске ұшыраған білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуді;
  • онлайн (аудио/видео) форматында, сондай-ақ Қызметтің сенім телефоны арқылы кеңес беруді қамтиды.

3. Ағартушылық-профилактикалық бағыт:

  • білім алушылармен, кафедра, факультет өкілдерімен семинарлар, тренингтер өткізуді;
  • иллюстрациялық материалдарды таратуды (брошюралар, жадынамалар) қамтиды.

4. Түзету және дамыту бағыты:

  • жеке өсу, психологиялық өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік және т.б. тренингтерін өткізуді;
  • білім алушылардың тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, шығармашылық дамуының психокоррекциялық және дамытушылық сабақтарын ұйымдастыруды;
  • сұрау бойынша жанжалды тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлауды қамтиды.

5. Әлеуметтік-ақпараттық бағыт:

  • кең ауқымды мамандардың қатысуын талап ететін Қызметтің функционалдық міндеттерінен, кәсіби құзыреттілігінен тыс проблемаларды шешу бойынша сабақтас мамандармен (әлеуметтік қызметкерлер, психиатр-дәрігерлер, медбикелер, тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасарлары, студенттер үйінің педагог-ұйымдастырушылары, топ кураторлары мен старосталары және басқалар) өзара іс-қимылды жүзеге асыруды;
  • «Бір терезе» қағидаты бойынша білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандармен бірыңғай диалог алаңын қамтиды.

Психологиялық кеңес немесе университет психологінен қалай көмек алуға болады?

  • Алдын ала телефон (WhatsApp): +7  701 471 2905, +7 776 474 9697 нөмірлеріне жазып жазылуға болоды;
  • Шұғыл немесе төтенше жағдайларда телефон (WhatsApp): +7  701 471 2905, +7 776 474 9697 нөмірлеріне қоңырау шалуға.
Соңғы өзгерістер күні:
29.09.2025