Экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы құзырет орталығы

Экология және қоршаған ортаның өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша құзыреттілік орталығы бірінші кезекте «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» және «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі қауіпсіздікті инновациялық басқару» білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің тәжірибеге бағдарланған моделін іске асыру үшін ғылыми-зерттеу және оқу-өндірістік база болып табылады.

Орталықтың міндеттеріне индустриялық әріптестермен және халықаралық зерттеу ұжымдарымен ынтымақтастықта ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асыру кіреді.

Орталықтың құрылымына өнеркәсіптік, өрт, биологиялық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік салаларын қамтитын бес зертхана кіреді. Орталықтың заманауи зертханалық базасы және өндірістік-практикалық тәжірибесі мол қызметкерлер штаты облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін кәсіби салада біліктілікті арттыру бойынша қызметтер көрсетуге, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ғылыми-қолданбалы ізденістер жүргізуге мүмкіндік береді.

Құрылымы
  • Сектор «Аймақтық тұрақты даму мәселелерін зерттеу»
  • Сектор «Радиациялық және биологиялық қауіпсіздік»
  • Сектор «Өрт қауіпсіздігі»
  • Сектор «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік»
  • Көміртек орталығы

Орталықта келесі зерттеулер жүргізіледі:

1. Университет деңгейінде Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудің ерекшеліктерін зерттеу

Осы зерттеу бойынша келесі команда жұмыс істейді – құзырет орталығының жетекшісі Тоқтағанов Т.Ш., аға ғылыми қызметкерлер, т.ғ.к. Идришева Ж.К., т.ғ.к. Петрова О.А., ғылыми қызметкерлер Адаханбек Ш.Э. және Қажыгереев Б.Т., жоғары білікті инженер Туменов С.Б.

Бұл зерттеу жұмысы бойынша университет қызметіне ТДМ-на қол жеткізуді қамтамасыз ететін «жасыл» технологияларды енгізу жүзеге асырылады. Университеттің ТДМ рейтингі бойынша халықаралық рейтингтерге қатысуы қамтамасыз етіледі. Жыл сайын университет инфрақұрылымы ресурстар мен энергияны тұтыну, көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу, жасыл құрылыс, сондай-ақ ТДМ-ды іске асыруға байланысты зерттеу, жобалау және білім беру қызметі бойынша тексеріледі.

2018 жылдан бастап Green Campus жобасы жүзеге асырылып, осының аясында ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған барлық ішкі жұмыстар орындалады. 2019 жылдан бастап Green Metric сауалнамасы үшін материалдар жиналуда, 2022 жылдан THE Impact, QS Stars, STARS және басқа рейтингтер үшін де материалдар дайындалады. Бұл зерттеуге «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бір магистранты қатыстырылған. Үш дипломдық жоба және екі магистрлік жұмыс орындалды.

2. Климаттық зерттеулер

Осы зерттеу бойынша команда – құзырет орталығының жетекшісі Тоқтағанов Т.Ш., аға ғылыми қызметкерлер, т.ғ.к. Идришева Ж.К., т.ғ.к. Петрова О.А., ғылыми қызметкерлер Адаханбек Ш.Э. және Қажыгереев Б.Т., жоғары білікті инженер Туменов С.Б.

Бұл бағытта 2022 жылы Бұқтырма су қоймасында алдын-ала барлау,зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұқтырма су қоймасындағы «Простор» жазғы экспедициялық кампусының базасында көміртек полигонын құру жоспарлануда.

Парниктік газдардың балансы өлшеніп, түрлі деңгейдегі көміртек ізі есептеледі. Көміртек полигоны негізінде ғаламдық климаттың өзгеруі жағдайында ШҚО-ның репрезентативті экожүйесі ретінде Бұқтырма су қоймасының климаттық белсенді газдары бойынша эмиссиялық және секвестрациялық әлеуетін мониторинг жүргізу жоспарлануда. Ол үшін метеорологиялық станцияларды пайдалану көзделген. Парниктік газдардың ағынын тікелей өлшеу үшін турбуленттік пульсациялар әдісі мен экспозициялық камералар жинақтары пайдаланылады. 2021 жылы Көміртек орталығы ашылып, осы бағыттағы барлық ғылыми зерттеулер сол орталықта жүргізілуде.

Зерттеу Тюмень мемлекеттік университетімен («Кучак» көміртек полигоны, Тюмень, Ресей) және И. Кант атындағы Балтық федералды университетімен («Росянка» полигоны, Калининград, Ресей) бірлесіп орындалады.

Бұл зерттеуге «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бір магистранты қатыстырыДЫ.

3. Шығыс Қазақстан облысындағы қар көшкіні қауіпсіздігін зерттеу

Осы зерттеу жұмысы  бойынша  – аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Петрова О.А.

Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша қаржыландырылды. Алдын ала қар көшкіні қаупі бар аймақтар облыс аудандары бойынша жүйеленіп, олар үшін қар өлшеу маршруттары әзірленді. Учаскелерді картаға түсіру заманауи әдістер мен ГАЖ технологияларын қолдану арқылы жүргізілді. Пилоттық жобадағы алғашқы бақылау жүйесінің сенсорларын орнату Глубоковский ауданында басталды.

Бұл зерттеуге «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бір магистранты қатысты;

Екі магистрлік диссертация қорғалды.

4. Өнеркәсіптік қаланың атмосферасының радиоактивті аэрозольдермен ластануын зерттеу

Осы зерттеу бойынша команда – құзыреттер орталығының жетекшісі Тоқтағанов Т.Ш., аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Идришева Ж.К.,ғылыми қызметкер Қажыгереев Б.Т., жоғары білікті инженер Туменов С.Б.

Өскемен атмосферасының радиоактивті аэрозольдермен ластануын зерттеу дозиметрлік мобильді радиологиялық зертхананың құрамындағы далалық гамма-түсірілім қондырғысы, радон мен оның ыдырау өнімдерінің радиометрі «Рамон-02», «Эпрам-01-50» сүзгілері бар АФА-РСП-20 құрылғысы, РКС-01-СОЛО дозиметр-іздеуші жинағы және МКС АТ1117-М кешені арқылы жүргізілуі жоспарланған.

2022 жылы «Қатты отынды жағу кезінде атмосфераға түсетін радиоактивті аэрозольдермен өнеркәсіптік қаланың атмосферасын ластануды мониторинг жүргізу» тақырыбында ҒЖБМ грантына өтінім әзірленді.

«Сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау» әдістемелік нұсқаулары орыс және қазақ тілдерінде шығарылды.

Зерттеулер «Экосервис» ЖШС ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымымен (Қазақстан) бірлесіп жүргізіледі.

Бұл зерттеуге «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бір магистранты қатыстырылған.

5. Шығыс Қазақстан облысы объектілерінің өрт қауіпсіздік жүйелерін және заманауи өрт сөндіру құралдарын зерттеу

Осы зерттеу бойынша команда – аға ғылыми қызметкерлер, т.ғ.к. Идришева Ж.К., т.ғ.к. Петрова О.А., ғылыми қызметкер  Қажыгереев Б.Т., жоғары білікті инженер Туменов С.Б.

Бұл бағытта өнеркәсіптік кәсіпорындардың, кен-байыту кешендерінің, қоғамдық, білім беру және медициналық мекемелердің, мәдени-массалық объектілердің, сондай-ақ табиғи (орман) объектілерінің өрт қауіпсіздік жүйелері тексеріледі. Өртке қарсы қызмет жұмысы талданады. «Өрт қауіпсіздігі» зертханасы базасында оқу орталығын құру жоспарланады.

Зертханалық зерттеулер – зерттеу объектілері, өрт оқиғалары жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау және талдау, олардың себептерін анықтау. Өрт-криминалистикалық экспресс-талдау зертханасын және өрт орнында жұмыс істеуге арналған тергеушінің аспаптық жиынтығын пайдалана отырып, өрт себептерін зерттеу жоспарлануда.Зерттеулер В.А. Чернопятов, «ГеоПроект» корпорациясы ЖШС (Қазақстан), Levy F., «UK Fire and Safety Consultancy» Ltd. (Англия), ШҚО төтенше жағдайлар департаменті және өрт бөлімдерімен бірлесіп жүргізіледі.Бұл бағытта ШҚО-дағы түрлі объектілердің өрт қауіпсіздігі және ШҚО ТЖД жұмысына талдау бойынша 10-нан астам дипломдық жоба орындалды.

6. Қалалық және өнеркәсіптік аумақтарды көгалдандыруды зерттеу

Бұл зерттеу бойынша команда – аға ғылыми қызметкерлер, т.ғ.к. Идришева Ж.К., т.ғ.к. Петрова О.А..

Бұл бағытта Өскемен қаласының жасыл екпелерінің сапасына баға берілді. Табиғи-негізделген жасыл инфрақұрылым шешімдерінің банкін жасау, оларды жергілікті табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу арқылы қалалық экожүйелердің көміртек және бейімделу әлеуетін жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстар жоспарлануда. Қалалық және өнеркәсіптік аумақтарды көгалдандырудағы ең озық қолжетімді технологиялардың тізілімі жасалады.

Өскеменнің жасыл екпелеріне зерттеу, сондай-ақ олардың қаланың көміртек балансына әсерін бағалау үшін ГИС-технологиялар қолданыла отырып тексерулер жүргізіледі.«Өнеркәсіптік қалалар экожүйелеріндегі климаттық белсенді газдар ағындарын мониторинг және басқару» тақырыбында ҒЖБМ грантына өтінім әзірленді. Зерттеулер Тюмень мемлекеттік университетімен (Тюмень, Ресей) бірлесіп жүргізілуде.

Соңғы өзгерістер күні:
28.04.2025