Бұл зертханада пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың одан әрі әдістемесін қалыптастыру және айқындау заңдылықтарын белгілеу үшін тау жыныстары мен кендердің заттық құрамын зерделеу, тау жыныстарын жинау, жеткізу және түсіру және жер асты жағдайларындағы апаттық жағдайларда іс – қимылдар бойынша дағдыларын қауіпсіз және тиімді пайдалану кәсіби құзыреттер қалыптасады.
Зертхананың мақсаты:
- Үлкен Алтайдың минералды-шикізат ресурстарын зерттеу;
- геотехнологиялық картаға түсіру және пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің геотехнологиялық әдістерін қолдану;
Зертхананың міндеттері:
- «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Тау-кен ісі» ББ іске асыру шеңберінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізу;
- тау кен жұмыстарын жүргізуге арналған бекітпе материалдарының физикалық құрамы мен технологиялық қасиеттерін зерттеу;
- кендер мен тау жыныстарының технологиялық қасиеттерін зерттеу;
- кенді кен орындарын игерудің жаңа технологияларын әзірлеу.
Зертхана келесі жабдықтармен жабдықталған:
- бинокулярлық типтегі микроскоп (2 дана);
- поляризациялық микроскоп;
- электронды таразылар (3 дана);
- GPS навигатор е Trex 10;
- линзалары бар фотоаппарат;
- цементтің белсендірілуін жеделдетіп анықтауға арналған аспап;
- маятникті қатты өлшегіш;
- текстуралық анализатор.