Зертхана петрографиялық зерттеулер және минералогия саласындағы практикалық дағдыларды игеру үшін құрылған. Бұл зертханада пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың әдістемесін қалыптастыру және айқындаудың заңдылықтарын белгілеу үшін тау жыныстары мен кендердің заттық құрамын зерделеу кәсіби құзыреттілігі қарастырылады.
Зертхананың мақсаты: Шығыс Қазақстан кен орындарының жыныстары мен кендерінің заттық құрамын зерттеу.
Зертхананың міндеттері:
- «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» ББ іске асыру шеңберінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізу;
- петрографиялық зерттеулер жүргізу;
- тау жыныстары мен кендердің заттық құрамын зерттеу.
Зертхана келесі жабдықтармен жабдықталған:
- поляризациялық микроскоп;
- Альтами Полар микроскопы;
- Полам микроскопы.
Міндеттер: тау жыныстарын (жанама жыныстарын) петрографиялық зерттеу.
Келешекке қойылатын міндеттер: кенді толық зерттеу, оның ішінде кенді және жанас жыныстар + байыту өнімдері