Зертхана Жерді геофизикалық және қашықтықтан зерттеу саласында практикалық дағдыларды пысықтау үшін құрылған.
Зертхананың мақсаты:
- инженерлік-геологиялық зерттеулер мен инженерлік-геофизикалық зерттеулер кезінде әртүрлі міндеттерді шешу үшін Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану.
- экологиялық мониторингті, дәлме-дәл егіншілікті және ТЖ алдын алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау нәтижелері бойынша зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйелерді әзірлеу және басқару.
Зертхананың міндеттері:
- «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Сандық технологияларды қолдана отырып Жерді қашықтықтан зерттеу әдістері»; ББ іске асыру шеңберінде практикалық және зертханалық сабақтар өткізу,
- қашықтықтан оқыту әдістерін пайдалану арқылы геофизикалық зерттеулер жүргізу;
- георадарлық профильдеу әдісін қолдана отырып зерттеулер жүргізу (гидрогеология, егіншілік, қауіпсіздік, коммуналдық шаруашылық, археология және т. б.);
- зерттелетін геологиялық, техногендік, өнеркәсіптік объектілердің математикалық модельдерін жасау;
- ҰҰА көмегімен аэрофототүсірілім жүргізу.
Зертхана келесі жабдықтармен жабдықталған:
- ОКО 2 георадары;
- Deepgeotech протон магнитометрі;
- металл іздегіш Minelab GPX 5000;
- WZG-6B желілік сейсмостанциясы;
- DJI Mavik 2 Zoom EU квадрокоптері;
- OKO-3 МГ-250/700М3 герадары;
- Тритон-М 25/50/100 тереңдік георадары;
- СК-2500 3D PLUS бетоноскопы.
Қамтамасыз етілген бағдарламалар:
- MapInfо Professional 10,0;
- AutoCad, AutoCad;
- MicroMine;
- Leapfrog geo;
- GeoScan 32;
Міндеттері: инженерлік-геофизикалық зерттеулер
Келешекке қойылатын міндеттер: геологиялық барлаудан кен орындары мен кеніштерді пайдалануға дейінгі кезеңдерде геофизикалық зерттеулердің толық кешенін жүргізу.
Соңғы өзгерістер күні:28.04.2025