2011 жылдан бастап университет 8D07201 - Геология және пайдалы кен орындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторларын даярлайды.
2024 жылдан бастап ББ 8D07201 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бейіні бойынша докторларды дайындау жүргізілуде.
2024 жылы білім беру бағдарламасы Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығымен (CAAAE) аккредиттелді.
- 1М: Докторанттарды ғылыми, білім беру және әдіснамалық дайындық негізінде тау-кен-геологиялық өндірісі саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік қызметке дайындау. Білім беру қызметінің жаһандық нарығында 8D07201 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау БББ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
- 2М: Терең ғылыми дайындық негізінде докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау және алдыңғы қатарлы өнеркәсіп кәсіпорындарымен әріптестік қатынастарды күшейту арқылы өңірдің экономикалық дамуына қатысу.
- 3М: Докторанттар геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау, қойылған міндеттерді кешенді шешу үшін персоналды жұмысына басшылық жасау дағдыларын дамыту
- 4М: Геология, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу, барлау және игеру, табиғатты тиімді пайдалану саласында арнайы орта және жоғары білім беру жүйесі үшін докторанттарды педагогикалық қызметке дайындау.
- М5: Докторанттарды тұрақты кәсіби өсуге, еңбек нарығының өзгеретін жағдайларында жаңа кәсіби білім мен дағдыларды игеруге дайындау
- M6: іргелі ғылыми зерттеулерді орындауға және геологиялық ғылымдар саласындағы қызметте инновациялық тәсілдерді меңгеруге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ынтымақтастық келісім шарттарына сәйкес PhD докторларын дайындау әлемнің әйгілі университетінің бас ғалымдарының көмегімен өткізіледі:
- Табиғи тарих мұражайы, Лондон қ, Великобритания;
- Тарихи жаратылыстану мұражайы, Лондон қаласы, Ұлыбритания.
- Акита университеті, Акита қаласы, Жапония;
- СБ РҒА Геология және минералогия институты, Новосибирск қаласы, Ресей;
- Томск мемлекеттік политехникалық университеті, Томск қаласы, Ресей.
- Вроцлав университеті, Вроцлав қаласы, Польша;
- Болат және балқыма Мәскеу институты, Мәскеу қаласы, Ресей;
- Мәскеу мемлекеттік тау кен университеті, Мәскеу қаласы, Ресей.
- П. Лумумбы атындағы халықтар достығының Ресей университеті (ХДРУ).
Докторанттар жыл сайын тағылымдамадан өтіп, алмасу бағдарламалары аясында жақын және алыс шетелдерге барады: Польша, Вроцлав университеті; Ресей, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу; Германия, Фрайберг; Қытай, Үрімші; Жапония, Акита, Акита университеті; АҚШ; Ұлыбритания, Лондон.
Докторанттардың шетелдік жетекшілері жетекші шетелдік ғалымдар болып табылады:
- Dr. Seltmann Reimar (The Natural History Museum, London);
- Dr. Долгополова Алла (The Natural History Museum, London);
- Dr. Konecny Milan (Мasarykjva University, Czech);
- Dr. Levin Evgueny (Michigan Technological University, Michigan Technological University);
- Калинин Юрий Александрович, доктор геолого-минералогических наук (Институт геологии и минералогии им. В.С. Соболева СО РАН);
- Dr. Joyashish Thakurta (Department of Geological and Environmental Sciences, Western Michigan University).
Философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ диссертациялық кеңесінде 8D07201 "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" білім беру бағдарламасы бойынша өтеді.
ББ докторанттары жыл сайын тәжірибе алмасу бағдарламалары аясында жақын және алыс шетелдерге барады: Польша, Вроцлав университеті; Ресей, Рудный; Мәскеу қ.; Германия, Фрайберг қ.; Қытай, Үрімші қ.; Жапония, Акита қ., Акита университеті; АҚШ; Ұлыбритания, Лондон қ. МЕИ.
2014 жылдан бастап білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін бере отырып, 10 докторант сәтті қорғалды.