(білім беру бағдарламасын ашу 2025–2026 оқу жылына жоспарлануда)

Бағдарламаның өзектілігі:

Қоршаған ортаның жаһандық өзгерістері, ластануы және климаттың өзгеруі жағдайында химиялық заттардың экожүйеге әсерін талдай алатын және осы мәселелерді шеше алатын мамандарды даярлау қажеттілігі күннен-күнге артып келеді.

«Жасыл химия және тұрақты даму» білім бағдарламасы тұрақты химиялық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өндіріске жасыл инновацияларды енгізу салаларында ғылыми-практикалық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның негізі болып табылатын химиялық экология – химия, экология, биология және сабақтас ғылым салаларындағы білімдерді біріктіре отырып, түлектерге экологиялық қауіпсіз процестерді әзірлеу мен енгізу, қоршаған ортаны бақылау және экологиялық тәуекелдерді бағалау бойынша кең ауқымды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Су ресурстарының, атмосфера мен топырақтың ластануы сияқты экологиялық мәселелердің көбеюі жоғары білікті кадрларға деген сұранысты арттырып отыр. Олар «жасыл химия» саласында тиімді шешімдерді әзірлеп, енгізе алуы қажет. Бағдарламаның ашылуы сонымен қатар қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға және жастарды тұрақты дамудың басым бағыттарын шешуге тартуға ықпал етеді.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

ББ мақсаты:

Бағдарламаның мақсаты – қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтатын химиялық процестерді басқару, жасыл химия, тұрақты технологиялар және экологиялық мониторинг салаларында заманауи ғылыми білімге, зерттеу дағдылары мен практикалық құзыреттерге ие жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бағдарлама түлектері кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асыра алады:

  • химия-технологиялық және өңдеу өнеркәсібінде;
  • экологиялық және ғылыми-зерттеу зертханаларында;
  • қоршаған ортаны қорғау ұйымдарында;
  • оқу орындары мен сараптамалық орталықтарда.

Оқу базасы:

  • «Аймақтық тұрақты даму мәселелерін зерттеу» секторы;
  • «Көміртек» орталығы;
  • «VERITAS» артықшылық орталығы.

ББ жетекші оқытушылары:

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жасыл химия және тұрақты даму саласындағы жетекші оқытушылары;
  • РФ, Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетінің жетекші оқытушылары;
  • Латвия, Рига қаласындағы Латвия университетінің жетекші оқытушылары.

Ақпараттық ресурстар:

  • Бағдарламалық қамтамасыз ету: ChemOffice, EcoInvent, MatLab
  • Деректер базалары: Scopus, Web of Science.

Бағдарламаның түлектері жұмыс істей алады:

  • химия-технологиялық және өңдеуші салаларда;
  • экологиялық және ғылыми-зерттеу зертханаларында;
  • қоршаған ортаны қорғау ұйымдарында;
  • оқу орындарында және аналитикалық орталықтарда;
  • халықаралық экологиялық жобаларда және консалтингтік компанияларда.
Соңғы өзгерістер күні:
29.04.2025