Шет тілінен тест
Оқуға дайындық тесті
Бейіндік пәндер
- Геодезия
- Жер ресурстарын басқару
БББ мақсаты:
Егіншілік жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жерсеріктік геодезия, қашықтықтан зондтау, картография, геоақпараттық жүйелер саласында жаңа жетістіктерді енгізуге бағытталған әзірлемелер мен зерттеулерді табысты жүргізуге қабілетті, кәсіби жағдайда функционалдық сауаттылықты және бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
Бағдарламаның өзектілігі:
"Дәлме-дәл егіншілік" білім беру бағдарламасы ауылшаруашылық жерлерінің әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында геодезия, картография, ақпараттық, спутниктік және ГАЖ технологиялары, агрономия, жоспарлау экономикасы және менеджмент саласындағы білімді сәтті қолданып, дәл егіншілік технологияларын енгізуге және қолдануға дайын инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының түлектері нақты егіншілік жүйесінің кешенді тәсілін енгізуге мүмкіндік беретін барлық жаңа жетістіктерді іс жүзінде біріктіре алады: бірыңғай WEB-жүйе, ғарыштық суреттер мен ҰҰА деректері бойынша ауыл шаруашылығындағы процестердің мониторингі, ГАЖ пайдаланып, тақырыптық карталарды әзірлеу, GPS-өлшеу деректері негізінде ауыл шаруашылығы техникасын басқару және т.б.
Серіктес ЖОО:
- Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы;
- Штутгарт университеті, Штутгарт қ., Германия;
- Ташкент ауыл шаруашылығын суару және механикаландыру инженерлері институты, Ташкент қ., Өзбекстан.
Серіктес кәсіпорындар:
- ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы;
- «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС;
- «ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ.