Инновациялық бағдарламаның өзектілігі төтенше жағдайлардың салдарын болдырмау үшін сейсмолог-мамандарды ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және ШҚТУ Академиялық қызмет департаментінің жетекші қызметкерлерінің бастамасымен даярлау қажеттілігі негізделген.
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Түлекті ақпараттық және ГАЖ-технологиялар, сондай-ақ энергия ресурстарын үнемдейтін және экологиялық техникалар мен технологиялар негізінде сейсмологиялық зерттеулердің және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы әдістері саласындағы өндірістік-технологиялық, жобалау, ұйымдастыру-басқару және эксперименттік-зерттеу қызметіне дайындау.
Маман лауазымдарының тізбесі:
Бас сейсмолог, аға сейсмолог, сейсмолог-инженер, геолог-іздеуші, геофизик, сейсмолог-маман, техник-сейсмолог.
Кәсіби қызмет түрлері:
- эксперименттік-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалау-технологиялық;
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- сервистік-пайдалану және т. б.
Кәсіби міндеттері:
- Сейсмологиялық бақылаулар жүргізу үшін бастапқы ақпаратты талдау;
- Сейсмологиялық бақылау үшін аппаратуралар мен жабдықтарды ұйымдастыру және дайындау;
- Экспедициялық сейсмикалық станцияларда сейсмикалық жазбаларды тіркеуді ұйымдастыру және бақылау;
- Стационарлық сейсмикалық станцияларда сейсмикалық жазбаларды жүргізуді ұйымдастыру және тіркеуді бақылау;
- Соңғы сейсмограммаларды алу үшін бастапқы ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру;
- Дала жұмыстарының нәтижелері туралы есепті дайындауды және ресімдеуді ұйымдастыру.
Жұмыс беруші кәсіпорындар:
- ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы
- ТЖД БКБ (ҚР ІІМ ТЖК),
- Қорған «авариялық-құтқару қызметі» ЖШС
- «Өрт сөндіруші» АҚ
Білім беру базасы:
«Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік» Цифрлық зертханасы
Зертханада экологиялық өнеркәсіптік және химиялық қауіпсіздік саласында академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі, оқу курстарын және білім беру бағдарламаларының барлық түрлерін, жалпы білім беретін пәндердің оқу блоктарын қолдау, біліктілікті арттыру курстарын өткізу жүзеге асырылады
«Радиациялық және биологиялық қауіпсіздік» зертханасы
Зертханада өндірісте және қоғамдық қауіпсіздікте радиациялық және биологиялық қауіпсіздік саласында академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі, оқу курстарын және практиканың барлық түрлерін қолдау, радиациялық және биологиялық қауіпсіздік саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізу жүзеге асырылады.
«Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру» зертханасы
Зертханада экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру, ауа, су, топырақ сапасы, рекультивация, қалдықтарды кәдеге жарату және т. б. салаларда, сондай-ақ табиғи орта мен қалалық ортаның экологиялық мониторингі саласында академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі, оқу курстарын және білім беру бағдарламаларының барлық түрлерін қолдау жүзеге асырылады.
Соңғы өзгерістер күні:
06.02.2025