Кезекті English in Action клубының отырысында қатысушылар шабыттандыратын “The King’s Speech” фильмін тамашалады.
Қатысушылар фильмді көріп қана қоймай, тілдік дағдыларын да дамытты:
- негізгі көріністерді талқылады,
- кейіпкерлердің сөйлеу мәнерін талдады,
- дайындалған сұрақтарға жауап берді,
- өз ойлары мен пікірлерімен бөлісті.
Фильм сөздің күші, қиындықтарды жеңу және қолдаудың маңыздылығы туралы терең әңгімеге негіз болды. Ағылшын тілінде белсенді сөздік қорды қолдану, пікір білдіру және өз ойын дәлелдеу дағдыларына ерекше назар аударылды.
Әр қатысушы өз көзқарасын білдіріп, талқылау мазмұнды әрі әсерлі өтті.
English in Action — бұл тәжірибе, қарым-қатынас және ағылшын тіліндегі сенімділік.