2026 жылдың 1 ақпаннан бастап «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына келесі санаттағы студенттер бойынша құжаттарды қабылдау басталады:

  • запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін бірінші (4 жылдық және 5 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттері;
  • запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін бірінші (3 жылдық оқумен), бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттері.

Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. E-Gov-тағы жеке кабинеттің ішінде прописка және әскери тіркеуі көрсетілген скриншот (толық бетті шығарасыз – распечатка).
  4. Көлемі 3х4 см төрт фотосурет.
  5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  6. Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет(школа) және мамандығы жазылған факультет деканы қол қойған анықтама.
  7. 2 файл.

Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында .

Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.

Анықтама телефондары: 8-705-644-19-95

Соңғы өзгерістер күні:
20.01.2026