Оқу барысы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес, пәндердің үлгілік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бар, оқу-әдістемелік құжаттама әзірленген және бекітілді, ПОӘК қалыптастырылды. Барлық пәндер мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабустармен), практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулармен, СОӨЖ және СӨЖ қамтамасыз етілген.

Оқу процесінде Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер курстары әзірленді және пайдаланылады.

Оқу процесінде кафедра оқытушылары студенттерді оқытудың интерактивті, инновациялық, зерттеу, проблемалық әдістерін қолданады.