«Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасы

«Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасының мақсаттары:

  • Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау процесіне заманауи ғылыми-практикалық технологияларды енгізу.
  • Озық жабдықтар мен автоматтандыру жүйелерін пайдалана отырып, студенттерді практикаға бағытталған оқыту.
  • Жастар мен талапкерлер арасында білім сапасын және инженерлік мамандықтардың беделін арттыру.
  • Автоматтандырылған және мехатрондық жүйелерді жобалау, баптау және пайдалану саласында қолданбалы дағдыларды қалыптастыру.

«Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасының міндеттері:

  • Өндірістік процестерді автоматтандыру және мехатрондық жүйелер саласында білім алушылардың теориялық әрі практикалық дайындық сапасын арттыру.
  • Жобалау-конструкторлық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту, заманауи жабдықтарда зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау.
  • Студенттер мен жас зерттеушілердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға ықпал ету, сондай-ақ олардың конкурстар мен хакатондарға қатысуын қолдау.
  • Автоматтандырылған жүйелердің датчиктері мен атқарушы механизмдерінен алынған деректерді жинау, өңдеу және практикада қолдану әдістеріне үйрету.
  • Өнеркәсіптік робототехника, автоматтандыру және жасанды интеллект саласындағы заманауи жетістіктерді танымал ету.

«Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасы Ақпараттық технологиялар және интеллектуалды жүйелер мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Автоматтандыру және мехатроника» оқу зертханасының құрамына келесі мамандандырылған кабинеттер мен бағыттар кіреді:

1) «Электрондық және микропроцессорлық техника» кабинеті (Г-1-413, Г-1-410 ауд.):

  • Медициналық техника (Г-1-410 ауд.);
  • Робототехника және мехатрондық модульдер (Г-1-413 ауд.).

2) «Киберфизикалық жүйелер телекоммуникациясы» кабинеті (Г-1-408 ауд.):

  • Өнеркәсіптік желілер және ақпарат беру;
  • Телефон жүйелері және байланыс арналары;
  • Радиобайланыс және сымсыз технологиялар;
  • Тікелей спутниктік телекоммуникациялық жүйелер.

3) «Өнеркәсіптік контроллерлер және автоматтандыру» кабинеті (Г-1-407, Г-1-406 ауд.):

  • Mitsubishi Electric өнеркәсіптік контроллерлерін бағдарламалау (Г-1-407 ауд.);
  • Siemens өнеркәсіптік контроллерлерін бағдарламалау (Г-1-406 ауд.).

4) «Машиналық көру, мобильді роботтарды автоматты басқару және инерциялық навигация» кабинеті:

  • Микроконтроллерлер мен енгізілген жүйелерді бағдарламалау;
  • Компьютерлік көру және бейнелерді тану;
  • Машиналық және техникалық көру жүйелері;
  • Мобильді робототехника, инерциялық навигация және автоматты басқару.
Соңғы өзгерістер күні:
05.10.2026