Алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің (MITSUBISHI ELECTRIC, SIEMENS, SCHNEIDER ELECTRIC) бағдарламаланатын логикалық контроллерлері (БЛК) негізінде басқару жүйелерін бағдарламалау және баптау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру мен шыңдауға арналған.

Білім беру кеңістігі дайындықтың толық циклін қамтамасыз етеді: жоспарлау мен жобалаудан бастап, күрделі технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін іске асыруға, модельдеуге және баптауға дейін. База оқу сабақтарын да, қолданбалы ғылыми зерттеулерді де жүргізуге арналған заманауи аспаптық және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған.

Негізгі оқу бағыттары:

  • MITSUBISHI ELECTRIC фирмасының БЛК-ын бағдарламалау және конфигурациялау;
  • SIEMENS фирмасының контроллерлері негізінде басқару алгоритмдерін әзірлеу.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі:

MITSUBISHI ELECTRIC жабдықтары секциясында келесі мамандандырылған стендтер пайдаланылады:

  • Mitsubishi Electric FX бағдарламаланатын логикалық контроллері негізіндегі стенд;
  • Mitsubishi Electric L контроллері негізіндегі стенд;
  • Mitsubishi Electric Alpha бағдарламаланатын логикалық релесі негізіндегі стенд;
  • Mitsubishi Electric жиіліктік-реттегіш жетегінің жұмысын зерттеу стенді.

SIEMENS жабдықтары мен автоматика секциясында келесі мамандандырылған стендтер пайдаланылады:

  • SIEMENS S7-1500 бағдарламаланатын логикалық контроллерлері негізіндегі стендтер;
  • SIEMENS S7-1200 бағдарламаланатын логикалық контроллерлері негізіндегі стендтер;
  • Camozzi фирмасының «Электропневмоавтоматика» мамандандырылған оқу жабдықтарының жиынтығы.
Соңғы өзгерістер күні:
05.10.2026