Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансфер орталығы ақпараттық технологиялар және интеллектуалды жүйелер мектебінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасы болып табылады. Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу жоспарларына толық сәйкес білім беру бағдарламалары шеңберінде пәндерді меңгеруде оқытушылар мен студенттердің бірлескен іс-әрекетіне арналған, тәжірибеге бағытталған құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін, сонымен қатар үйірме, консультативтік және техникалық жұмыстар үшін арналған мамандандырылған зертханалар тобын құрайды.
Мақсаттары:
- сәйкес білім беру бағдарламасы немесе пән бойынша студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы оқу үдерісіндегі практикалық және теориялық білім арасындағы алшақтықты жою;
- білім беру бағдарламасының пәндері бойынша оқу процесіне, студенттердің практикумдарды, курстық және дипломдық жобаларды, кандидаттық және докторлық диссертацияларды орындауы үшін тиісті процестерді зерттеу және зертханалық жұмыстарды жүргізуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу; оқу үдерісін ұйымдастыру саласындағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының инновациялық қызметін қолдау.