Dáýlet Serikbaev atyndaǵy Shyǵys Qazaqstan memlekettik tehnıkalyq ýnıversıteti

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-инновациялық, мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді тақырыптарды іске асыру

Ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын ғылыми зерттеулер орындауға гранттар ұсынылатын ғылыми жобалар іріктемесі бойынша байқауларға қатысады. Қазіргі уақытта мектептің профессорлық-оқытушылар құрамы 2018-2020 жылдарға арналған ҚР БҒМ ҒК ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық -нысаналы қаржыландыру аясында 7 ғылыми жоба орындауға қатысуда. Жобалар экономика, ғылым, техника және технологиялар дамуының заманауи беталысын көрсетеді. 

Жобаның аталуы
Жетекшісі
ҒЗЖ аталуы және қаржыландыру көзі
Тантал және ниобийден медицинада қолданылатын бұйымдар жасау технологиясын әзірлеу Плотников С.В.,
ф.-м.ғ.д., профессор
Бағдарламалық -нысаналы қаржыландыру (БНҚ)
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Магниттік резонансты томографтарда пайдаланатын асқынөткізгішті өткізгіштерді өндіру технологиясын әзірлеу
Плотников С.В.,
ф.-м.ғ.д., профессор
Бағдарламалық -нысаналы қаржыландыру (БНҚ)
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Медицинада қолдану үшін титан өнімін шығару
Бакланова О.Е
ф.-м.ғ.д., профессор
Бағдарламалық -нысаналы қаржыландыру (БНҚ)
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Үйкеліс пен тозудан қорғау үшін өзгеретін архитектурасы бар нанометрлік масштабты көп компонентті және көп қабатты жабындар
Ердыбаева Н. К.,
ф.-м.ғ.д., профессор
Гранттық қаржыландыру
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Қабықшалы үшінші буын күн элементтерінің SnxSy және Zn1-x MgxO қосылыстарының құрылымы мен фазалық құрамын оңтайландыру
Уазырханова  Г. К.
PhD, доцент
Гранттық қаржыландыру
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Күрделі пішінді бұйымдарды кесу және плазмалық өңдеу үшін қолданылатын робатталған интелектуалды жүйе
Алонцева Д.Л
ф.-м.ғ.д., профессор
Гранттық қаржыландыру
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті
Төмен жиілікті дыбыстардың қазақстандық кен орындарындағы күкірт мөлшері мен шикі мұнай тұтқырлығының өзгеруіне әсерін талдау және модельдеу Блинаева Е.В.
т.ғ.к
доцент
Гранттық қаржыландыру
ҚР БжҒМ Ғылым комитеті

Жобаларды іске асыру келесі ғылыми зертханаларда жүргізіледі:

  • EXCELENT CENTER прототиптеу орталығы;
  • Жұқа жабындылар және 3D принтинг зертханасы; 
  • Жоғары жылдамдықты плазмалық кесу және тозаңдандыру зертханасы;
  • ЧПУ станогында материалдарды өңдеу зертханасы;
  • Дәнекерлеу зертханасы;
  •  «Нанотехнологиялар және жаңа материалдар» ғылыми-зерттеу институты;
  • Оқу- ғылыми өндірістік «Ақпараттық технологиялар, мехатроника және өндірісті автоматтандыру» кешені;
  • Инженерлік бейіндегі аймақтық «ІРГЕТАС» зертханасы.

2017 жылы ақпараттық технологиялар мен энергетика мектебі мемлекеттік бюджетті, экономикалық және бастамалық тақырыптарды, сондай-ақ жалпы сомасы 548,7 мың тенгенің ақылы қызметтерін жүзеге асырды. Қаржыландырылған жобалардың жалпы саны -14 құрады.


Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі

Ағымдағы жылы мектептің профессорлық-оқытушылар құрамы әртүрлі шет елдерде: Германия, Индонезия, Түркия, Корея, Украина, Малайзия, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Ұлыбритания, Чехия, Ресей, Болгария, Тәжікстан, Венгрияның халықаралық конференцияларына және семинарларына қатысты. Халықаралық конференцияларда қатысқан оқытушылар саны - 155

2017 жылы 16 оқулық және 8 монография жарияланды. Нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда, шет елдердің және Қазақстанның жинақтарында жарық көрген жарияланымдардың жалпы саны -183 болды.

АЖжЭ мектебінің мұғалімдері семинарлар мен кәсіптік біліктілікті арттыру курыстарында өз біліктілігін үнемі арттыру үстінде. 2017 жылы біліктілігін арттырған педагогтардың саны 58 адамды құрады. Алынған сертификаттар саны - 191.

Студенттер мен магистранттар жыл сайын әр түрлі республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. 2017 жылы конкурсқа қатысқан жұмыстар саны -12. Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың халықаралық және республикалық конференцияларға қатысуы -158 құрады.

Мектептің профессорлық -оқытушылық құрамының күшімен, 10 астам авторлық куәліктер, Қазақстан Республикасының өнертабысқа және пайдалы модельге патенттері алынды.


Кәсіпорындар, ұйымдар және фирмалармен ынтымақтастық

 Ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінде студенттерді жұмысқа орналастыру үшін және өндірістік, диплом алдындағы практиканы өту үшін кәсіпорындармен және ұйымдармен келісімдер жасалған: ТОО «Алтайэнергоналадка», НИЦТБЦМ, НТП «Алтай», ТОО «Казцинк», АО «КЭМОНТ», ТОО «Өскемен жылулық жүйесі», АО «УМЗ», АО «KEGOC» AES УК ТЭЦ, ТОО «КазЦинк», ТОО «1С-Рейтинг», ТОО «Сигма», РГП на ПХВ «ҚР Ұлттық ядролық орталығы», ТОО «Айрон Техник», ТОО «Синетик» и ТОО «ТехноАналит», ТОО «Открытые технологии плюс»

 


«Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы 2017» атағы иегерлерінің тізімі

Аты-жөні
Жұмыс орны, лауазымы
Байдилдина Айжан Толеубековна «Энергетика» кафедрасының аға оқытушысы
Увалиева Индира Махмутовна «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті
Смаилова Сауле Сансызбаевна «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті