8D06102 - Ақпаратық жүйелер (сала бойынша)

  Мәтінді оқу  

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Ғылыми әлеуетті арттыру және ел экономикасының басым салаларын дамыту мақсатында өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар үшін күрделі ақпараттық жүйелерді, процестер мен технологияларды талдауға, жобалауға және басқаруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу мақсатында жоғары білікті кадрларды даярлау.

Кәсіби қызмет саласы:

  • жасанды интеллект принциптері мен технологияларын, есептеу модельдерін қолдануға негізделген жүйелік инженерия мен Data Science әдістерін қолданатын күрделі ресурсты қажет ететін ғылыми-технологиялық мәселелерді шешу.
  • жүйелік инженерия әдістерін, жасанды интеллект принциптері мен технологияларын пайдалана отырып, ақпараттық жүйелер мен таратылған деректерді сақтау жүйелерін әзірлеу.
  • өндірістік сектордағы нақты ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасы негізінде теориялық және эксперименттік зерттеулер және ғылыми нәтижелерді бағалау.

Кәсіби қызмет объектісі

  • ақпараттық процестер мен ресурстарды модельдеу, бағалау, оңтайландыру және ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құру саласындағы мәселелерді шешуге байланысты ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми және өндірістік ұйымдар;
  • мемлекеттік органдар, жобалау ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • жобалау-конструкторлық қызмет;
  • жобалау-технологиялық қызмет;
  • эксперименттік-зерттеу.

Берілетін дәреже:

«8D06102 Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы / мамандығы бойынша философия докторы (PhD).