Күндізгі бөлім: Оқу мерзімі 2 жыл.
Бейіндік пәндер: 1 бейіндік пән – "Алгоритмдер және деректер құрылымы", 2 бейіндік пән - "Деректер базасы"
Берілетін дәрежесі: "7М06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ақпараттық технологиялар және есептеу техникасы саласындағы ғылым және кәсіби қызмет саласында тұжырымдамалық білімі бар және кәсіби салада жаңа білім алу үшін ғылыми және инновациялық қызметті жүзеге асыра алатын және зерттеу объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында ақпаратты өңдеудің және басқарудың үлестірілген жоғары өнімді есептеу жүйелерін жобалауға, әзірлеуге және пайдалануға қабілетті, зерттеу шеңберінде қойылған міндеттерді шешу үшін модельдеу әдістерін қолдана алатын магистрлерді даярлау.
Білім беру бағдарламасының негізгі идеясы
Білім беру саласында, ғылыми қызметпен айналысатын түрлі кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін ғылыми-зерттеу, педагогикалық дағдылары бар IT саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кәсіби қызметтің функциялары: жоғары жүктелген қосымшаларды әзірлеу жөніндегі маман; DataMining жөніндегі маман, Машиналық оқыту жөніндегі маман; қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман (акт); ақпараттық жүйелер әкімшісі; АТ-инфрақұрылымының сәулетшісі; бұлтты есептеу жөніндегі маман; оқытушы, ғылыми қызметкер, жоба жетекшісі, біліктілікке сәйкес келетін басқа да лауазымдар.
Бітіргеннен кейін білім алушыға "7М06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Қос дипломды білім беру бағдарламасы
Қос дипломды білім беру бағдарламасы "МИФИ "Ұлттық ядролық зерттеу университетімен" бірлесіп жұмыс істейді.