Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Магистратерлік «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – методологиялық және технологиялық шешімдер негізінде кешенді ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолдаудың жүйелік принциптерін қолдану, сонымен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, үлкен көлемдегі деректермен қамтылған жүйелерде деректерді талдау және білімді табу бойынша қажетті жалпы және арнайы құзыреттілікті қалыптастыру.
Түлектердің қызметтік аймақтары:
- таратылатын архитектуралық ақпараттық жүйелерді жетілдіру, ақпараттық жүйенің компоненттерін конфигурациялау және түзету, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару.
- бұлтты қолданбалар мен қолданыстағы бұлттық қызметтерді дамыту;
- жалпы мақсаттағы программалық және деректерді өндіру әдістерінде имитациялық үлгілерді енгізу.
- ішкі және сыртқы ұлттық және халықаралық қауіптерге бағытталған корпоративтік ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және қалыптастыру.
- деректерді көрнекі түрде ұсынуды дамыту, үлкен деректерді өңдеу кезінде компьютерді көру программаларын әзірлеу.
Оқыту бағыттары:
- ғылыми және педагогикалық бағыт: техникалық ғылымдар магистрі – 2 жыл.
Бейіндік пәндер:
- Алгоритмдер және деректер құрылымы;
- Деректер базасы.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі:
Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен магистранттардың республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына, сондай-ақ әртүрлі ғылыми және зерттеу жобалары мен оқыту курстарына белсенді қатысады.
Түлектер ШҚТУ докторантурасында "8D06101 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)" мамандығы бойынша оқуын жалғастыра алады.
"Ақпараттық жүйелер" ББ бейіндік магистратурасы
(оқу мерзімі 1.5 жыл)
Бағдарлама туралы
"Ақпараттық жүйелер" магистратура бағдарламасы кешенді ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және басқаруға қабілетті IT және ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындайды. Білім беру бағдарламасы магистранттарға индустрияның өзекті міндеттерін шешіп қана қоймай, инновациялық шешімдерді әзірлеуге белсенді қатысуға мүмкіндік беретін, заманауи білімді, қолданбалы дағдыларды және ғылыми тәсілді біріктіреді.
Бағдарлама кімдерге арналған?
- АТ-да білімдерін тереңдетуге және жасанды интеллекттің ақпараттық жүйелері мен технологияларын әзірлеуге, басқаруға мамандануға ұмтылатын техникалық және жаратылыстану ғылымдарының түлектеріне;
- Өздерінің білімдерін өңдеу, деректерді талдау және интеллектуалды шешімдер жасау саласында қолдануға мүдделі математика, инженерия, физика сияқты салалардағы бакалаврлар мен мамандардарға;
- Салада қазірдің өзінде жұмыс істейтін, осы салада сұранысқа ие заманауи құралдарды, жасанды интеллект пен автоматтандыру технологияларын игере отырып, мансаптық өсуді қалайтын АТ мамандарына;
- Тиімділігін арттыру, бизнес-процестерді цифрландыру, жобалық басқару және автоматтандыру үшін АТ шешімдері мен жасанды интеллектті меңгеруге ұмтылатын экономикада және бизнесте тәжірибесі бар студенттерге.
"Ақпараттық жүйелер" бейіндік магистратурасында оқудың артықшылықтары:
- Заманауи білім мен дағдылар. Оқу барысында магистранттар қазіргі әлемде сұранысқа ие құзыреттерді меңгереді;
- Терең ғылыми дайындық. Магистратура зерттеулерге қатысу және ғылыми мақалаларды жариялау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады;
- Пәнаралық тәсіл дағдылары. Бағдарлама әртүрлі салаларда технологияларды интеграциялау дағдыларын дамыта отырып, ақпараттық жүйелердің, деректерді басқарудың және жобалық менеджменттің синергиясына назар аударады;
- Еңбек нарығындағы сұраныс. АТ және жасанды интеллект құзыреттілігі бар магистратура түлектерін жұмыс берушілер IT, қаржы, өндіріс және мемлекеттік сектор сияқты салаларда жоғары бағалайды. Ақпараттық жүйелер, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы терең білім түлектерге күрделі міндеттерді шешуге, процестерді автоматтандыруға және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын интеллектуалды шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін мансаптық өсудің кең мүмкіндіктерін ашады;
- Халықаралық мансапқа дайындық. Біздің түлектер Яндекс, NASA және т. б. сияқты халықаралық және қазақстандық компанияларда сұранысы бар білім мен құзыреттер ие.
- Ғылыми және қолданбалы зерттеулерді қолдау. Бағдарлама зерттеу әлеуетін дамытуға және ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған, бұл докторантурада одан әрі оқуға жол ашады.
Мансаптық перспективалар
Бұл білім беру бағдарламасы түлектердің алдында жеке және мемлекеттік секторларда, сондай-ақ зерттеу ұйымдарында кең мансаптық мүмкіндіктер ашады. Заманауи технологиялар мен Стратегиялық жобаларды басқару дағдыларын терең меңгерген бағдарлама түлектері мансаптық өсу перспективасы бар білікті лауазымдарға ие бола алады. Магистратура сонымен қатар түлектерге негізгі позицияларға көтерілуге мүмкіндік бере отырып, одан әрі кәсіби дамудың берік негізін ұсынады.
Қалай түсуге болады?
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша профильді магистратура бағдарламасына түсу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- Онлайн режимінде өтініш беру: Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайты арқылы кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш беру (https://testcenter.kz/ru/).
- Кешенді тестілеуден өту:
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін келесі пәндер бойынша тест тапсырылады:
- «Алгоритмдер және деректер құрылымы»;
- «Деректер базасы».
Профильді магистратураға шет тілінен және оқу үшін дайындық деңгейін анықтайтын тест тапсыру қажет емес.
Максималды балл — 70 балл.Гранттық білім алу / ақылы негізде оқу үшін шекті балл — 30 балл.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш беру.
08.04.2025