7M06103 - Математикалық және компьютерлік модельдеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпаратты өңдеудің жаңа тиімді әдістерін, күрделі процестер мен объектілердің математикалық модельдерін жасау және пайдалану, қазіргі заманғы математикалық әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және қолдану саласында тиісті магистр құзыреттеріне ие жоғары білікті кадрларды даярлау

Оқу бітіру нәтижесінде түлектер зерттелетін жүйелер эволюциясын болжауға мүмкіндік беретін көптеген жүйелер мен процестердің математикалық модельдерін құруға және зерттеуге арналған технологиялар саласында маман ретінде жұмыс істей алады, сол арқылы қабылданатын шешімдердің дұрыстығын тексереді – әсерлерін бақылайды.

Түлектердің қызметтік аймақтары:

  • желілерді басқару, ғаламтор-қосымшаларын әзірлеу;
  • математикалық әдістер және компьютерлік технологиялар қолданылатын әртүрлі салалардағы (ғылым, техника экономика және басқару салалары) тәжірибелік және зерттеу жұмыстары;
  • ірі  өнеркәсіптерде, банктерде талдау және жорамалдау, жоспарлау жұмыстары;
  • жеке фирмалар мен ассоциацияларда, банктерде заманауи математикалық және ақпараттық технологияларға негізделген есептік-аналитикалық және қаржылық операцияларды орындау;
  • муниципалдық, аймақтық және мемлекеттік ақпараттық орталықтардарда экономикалық және техникалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу.

Оқыту бағыттары:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт: техникалық ғылымдар магистрі – 2 жыл;

Рейтингтік агенттіктердің бағалары:

  • 2016 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2017 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2018 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2018 жыл – РРА бағасы, 2 орын.

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

Магистранттар еліміздің жоғары оқу орындарында, шетелдік жоғары оқу орындарында және Ұлттық ядролық орталықтың филиалында, Курчатов қаласында және өңірдің ірі кәсіпорындарында тағылымдамадан өте алады

Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі

Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен магистранттардың республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.

Бағдарламалық өнімдерге авторлық куәліктер

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша авторлық куәліктері бар

Магистранттарды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту

Магистранттар тілдік құзыреттіліктерін сәтті арттырып, шетелде академиялық ұтқырлық бойынша білім алуда.