Күндізгі бөлім: оқу мерзімі 3 жыл.
Бейіндік пәндер: 1 бейіндік пән – математика, 2 бейіндік пән - информатика
Оқыту тілі: ағылшын
Берілетін дәреже: 6B06120 «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Жасанды интеллект саласында терең білімі мен дағдылары бар, әртүрлі қызмет салаларында күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кәсіби қызмет объектісі:
Жасанды интеллектті дамытуға және қолдануға байланысты міндеттер. Олар нейрондық желілерді құру және оқыту, машиналық оқыту алгоритмдерін әзірлеу, компьютерлік көру есептерін шешу, генетикалық бағдарламалау алгоритмдерін әзірлеу және оңтайландыру және т. б. бойынша жұмыс істей алады.
Түлектердің кәсіби қызмет саласы:
Жасанды интеллект мамандары бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, робототехника, машиналық оқыту және деректерді талдауды қоса алғанда, әртүрлі салаларда сұранысқа ие IT индустриясы.
Кәсіби қызметтің функциялары:
- жобалау;
- бағдарламалау;
- әкімшілік;
- сүйемелдеу;
- тестілеу.
6B06120 – «Жасанды интеллект» ББ түлектері деректерді талдау инженері және Data Scientist, алгоритм әзірлеушісі және талдаушы, компьютерлік көру бойынша маман, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуші, деректерді өңдеу және талдау жөніндегі маман, ЖИ элементтері бар қосымшалар мен жүйелерді әзірлеуші, сондай-ақ процестер мен зияткерлік жүйелерді автоматтандыру жөніндегі инженер лауазымдарын атқара алады.