Білім беру бағдарламасы
| Код – Мамандық |
6B06109 - Компьютерлік ғылымдар және бағдарламалық инженерия |
|||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Күрделі есептеу міндеттерін талдай алатын, компьютерлік ғылымдар теориясының іргелі білімдерін қолдана отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді және бағдарламалық-аппараттық кешендерді жобалауға, әзірлеуге және сүйемелдеуге қабілетті, халықаралық критерийлерге, IT саласының кәсіби стандарттарына және Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес командалық қызметке және этикалық тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдауға дайын компьютерлік ғылымдар мен бағдарламалық инженерия саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлау. |
|||||||||||||||||||||||||
| Түлек моделі | ||||||||||||||||||||||||||
| Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, компьютерлік ғылымдар және бағдарламалық инженерия, оның ішінде бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық шешімдерді, зияткерлік және ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу, сүйемелдеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ деректерді өңдеу және талдау. - Бағдарламалық, ақпараттық, зияткерлік және бағдарламалық-аппараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, пайдалануды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын экономиканың әртүрлі салаларындағы мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, IT-компаниялар, ғылыми-зерттеу және технологиялық ұйымдар. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызмет объектісі:
- бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалық-аппараттық кешендер; - ақпараттық және зияткерлік жүйелер; - деректер базалары және деректер қоймалары; - есептеу, желілік және үлестірілген жүйелер; - веб-, мобильді, көппайдаланушылық және кроссплатформалық қосымшалар; - жасанды интеллект және деректерді талдау жүйелері мен құралдары; - бағдарламалық шешімдерді әзірлеу, тестілеу, өрістету, сүйемелдеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызмет түрлері:
- Жобалау-конструкторлық; - Жобалау-технологиялық; - Өндірістік-технологиялық; - Ұйымдастырушылық-басқарушылық; - Инновациялық-зерттеушілік; - Енгізушілік және пайдаланушылық. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызметінің функциялары:
1) жобалау-конструкторлық қызмет: - бағдарламалық, ақпараттық және бағдарламалық-аппараттық жүйелердің архитектурасын, құрылымын және компоненттерін жобалау; - алгоритмдерді, деректер модельдерін және бағдарламалық интерфейстерді әзірлеу; - функционалдық, өнімділік, сенімділік және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, деректер базаларын, үлестірілген және зияткерлік жүйелерді жобалау. 2) жобалау-технологиялық қызмет: - бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістерін, технологияларын және құралдарын таңдау және қолдану; - бағдарламалық шешімдерді әзірлеу, тестілеу, интеграциялау және өрістету; - CASE-құралдары мен DevOps тәжірибелерін қолдану; - техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеу. 3) өндірістік-технологиялық қызмет: - бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық шешімдерді әзірлеу, бағдарламалау, тестілеу, жөндеу және интеграциялау; - қосымшаларды, ақпараттық және зияткерлік жүйелерді іске асыру; - деректер базаларымен, есептеу, желілік және үлестірілген жүйелермен жұмыс істеу; - әзірленетін шешімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 4) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: - бағдарламалық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу процестерін жоспарлау және ұйымдастыру; - IT-жобаларды басқаруға және командалық әзірлеуге қатысу; - міндеттерді бөлу және жоба қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру; - шешімдердің орындалу мерзімдерін, ресурстарын, тәуекелдері мен сапасын бағалау; - техникалық құжаттаманы дайындау және жоба нәтижелерін ұсыну. 5) инновациялық-зерттеушілік қызмет: - заманауи әдістер мен цифрлық технологияларды зерттеу, талдау және қолдану; - жаңа бағдарламалық және зияткерлік шешімдерді әзірлеу және эксперименттік бағалау; - жасанды интеллект, деректерді талдау және өңдеу, үлестірілген есептеулер әдістерін қолдану; - әзірленген шешімдердің тиімділігі мен практикалық қолдану перспективаларын бағалау. 6) енгізушілік және пайдаланушылық қызмет: - бағдарламалық, ақпараттық және бағдарламалық-аппараттық жүйелерді енгізу, өрістету, баптау, пайдалану және сүйемелдеу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді, операциялық жүйелерді, деректер базаларын, желілік компоненттер мен сервистерді конфигурациялау; - жүйелердің жұмыс істеуін мониторингтеу, ақауларды диагностикалау және жою; - IT-шешімдердің сенімділігін, өнімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
||||||||||||||||||||||||||
| Маманның құзыреттілік картасы |
|
|||||||||||||||||||||||||
| Модульдік оқу жоспары |
|
|||||||||||||||||||||||||