«World Cleanup day» жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде дүниежүзілік экологиялық науқан өткізіледі. 2024 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде Өскемен қаласында «World Cleanup day 2024» жаһандық акциясы ұйымдастырды.

Акция Үлбі өзенінің жағалау аймағында өтті. Акцияға «Green IT school» экологиялық клубы және «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 24-ИС-1 және 24-ВТ-1 топ студенттері қатысты.