Ақпараттық технологиялар

  Мәтінді оқу  

is "Ақпараттық технологиялар" кафедрасы университеттің ақпараттық технологиялармен байланысты мамандықтары бойынша жетекші шығарушы кафедра болып табылады. Іс-әрекет ету уақыт аралығында кафедра келесі мамандықтар бойынша 1000-нан артық маман дайындады: "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету", "Автоматтандырылған жобалау жүйелері", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету".

Кафедраның бітірушілері "ҮМЗ" АҚ, "Қазмырыш" АҚ, "Өскемен ТМК" АҚ, "Востокмашзавод" АҚ сияқты, ірі кәсіпорындардың ақпараттық және қаржы-экономикалық қызметтерінде табысты жұмыс істеуде, энергетикалық компаниялар мен байланыс кәсіпорындардың корпорациялық жүйелеріне қызмет көрсетеді және әкімшілік етеді, "1С-Рейтинг" ЖШС, "СИГМА" ЖШС, "Предприятие КС" ЖШС және т.б компьютерлік фирмалардың жетекші мамандары болып табылады.

Қазіргі кезде кафедра бакалавриаттың үш мамандығы бойынша:

  • 5B070300 - Ақпараттық жүйелер
  • 5B070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Магистрлік дайындықтың үш бағдарламасы бойынша:

  • 6M070300 - Ақпараттық жүйелер
  • 6M070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Cондай-ақ докторантураның бір мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады:

  • 6D070300 - Ақпараттық жүйелер

2008 жылдан бастап кафедрада интерактивті қашықтықтан оқу технологиясы белсенді түрде енгізілуде.

Кафедраның мақсаткерлігі - білімді, жинақталған тәжірибені, корпорациялық интеллекті және имандылық әлуетін пайдаланып, IT-мамандарын сапалы дайындауды қамтамасыз етуге, жаңа IT бағыттарын құруға және де әрекеттегі IT бағыттарын дамытуға негізделген. Кафедра білімге деген табынушылықты және де табысқа деген ұмтылысты қолдайды, сондықтан мақсаткерлікті іске асыру кәсіби білікті мамандар дайындауға бағытталған, білім - бұл дамыған қоғамда табысты мәнсапқа жету кепілдігі.

Кафедра қызметінің стратегиялық бағыттары болып табылады:

  • Қазақстан Республикасында ақпараттық жүйелермен және технологиялармен байланысты бағыттар бойынша ғылыми-педагогтік мектеп қалыптастыру; 
  • кафедраның мамандықтары бойынша білім беру қызметтерінің сапасын өсіру және білім беру қызметтерінің оң беделін қалыптастыру; 
  • ШҚМТУ білім беру қызметтерінің бәсекелестерден айырмашылығы бар екен деген тұтынушылар ұғымын қалыптастыру және де аймақ пен тұтас Республиканың білім беру нарығында өз үлесін барынша көбейту.
  • жоғары кәсіптік мамандарды дайындау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін жасау және ұйымдастыру, бакалаврлар, магистрлар мен ғылыми кадрларды оқыту үдерісіндегі математикалық және компьютерлік моделдеу, ақпараттық технологиялар аймағында алған білімдерін қолдана білу.

Ұлттық білім беру жүйесін табысты реформалаудың басты шарттарының бірі университеттің бәсекеге қабілетті болып табылады. Университеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі бөлімшелердің(кафедралар) жұмысынан әділетті байланысты. Техникалық және технологиялық прогрессте негізделген әлемдік білім беру жүйелерімен интеграцияланған инновациялық білім енгізу кафедраға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының ұқсас кафедраларының арасында лайықты орын алуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында кафедра аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің «Рейтинг-2014» нәтижелері бойынша сертификаттар алды:

  • 6М070300 - Ақпараттық жүйелер магистратура мамандығы бойынша 1-ші орын;
  • 6D070300 - Ақпараттық жүйелер докторантура мамандығы бойынша 2-ші орын;
  • 6М070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету магистратура мамандығы бойынша 3-ші орын;
  • 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавриат мамандығы бойынша 3-ші орын;


  • 6М070300 - Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды
  • 6М070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды
  • 5В070300 - Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды
  • 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды


Кафедраның ғылыми-білім беру әлеуеті тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның мүдделері үшін АТ саласындағы кең іргелі білімді, кәсіби құзыреті жаңа формациядағы мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін білім беру қызметтерінің жоғары деңгейдегі сапасын анықтайды.