Неғұрлым нақты ақпарат   http://eduweek.ru/index.php порталында:

2009 жылғы қыркүйек айынан 2010 жылғы сәуірге дейін «IT-технологиия» бағыты бойынша ҚР ЖОО арасында келесі жұмыстар атқарылды:  

«Бір ЖОО – бір бағдарлама» қағидасын ұстана отырып, әр оқу орны магистрлерді дайындау бағдарламасын әзірлейтін магистрлер бағдарламасының келісілген реті жасалды.  Магистрлер бағдарламасы бойынша құжаттар жиынтығына: бағдарлама аңдатпасы, курстың орыс тіліндегі қысқаша аңдатпасы, оқу жоспары, магистрлік диссертация жоспары кіреді.   Әр оқу орындарындағы басым курстар анықталды және ОӘК толық кешені әзірленді.   

  • Магистранттарға  қойылатын жалпы талаптар келісілді (ОӘК   бірыңғай үлгісі мен мазмұны,  академиялық сағаттар мен кредиттерге қойылатын бірыңғай талап,   магистрлік диссертацияны қорғаудың үлгісі мен жүйесі, магистрлік диссертацияға жетекшілік етудің реті, студент білімін бағалау жүйесінің және баға қою критериилерінің и біркелкі үлгісі,   магистрлік бағдарламаға қабылдау ережесі,  жекелеген курстарға қабылдау ережесі, тілді білуге қойылатын минималды талаптар)
  • Ұлттық деңгейде ШСҰУ шеңберінде «IT-технологиялар» бағдарламасы бойынша магистрлік бағдарламаға келісілген хаттамаға қол қойылды.
  • ШСҰУ негізгі ЖОО өкілдерінің кездесуінде (26-27 қазан,  2009 ж. Мәскеу қ.) сараптама тобының барлық мүшелері қол қойған, хаттамада берілген келесі мәселелер қаралды:   
  • ШСҰУ негізгі ЖОО магистрлік бағдарламасы және «IT-технологии» бағыты бойынша әр мамандықтың басым курстары келісілді   (кесте1);
  • ШСҰУ ЖОО оқу жоспарында көрсетілген курстардың барлығының ШСҰУ студенттерін оқытуға қол жетімділігі  көрсетілді;  
  • Студент оқуға түскен ЖОО дипломы болу керектігі айтылды  (осы оқу орнында арнайы курс пен  тәжірибеден өтуі және диплом қорғауы тиіс);   
  • екі диплом бағдарламасы бір бағыт болған жағдайда жүзеге асатыны келісілді;
  •  2010-2012жылы екі жақты келісім сызбасын даярлау келісілді;
  •  сонымен қатар, IT-технологиясы бойынша жұмыс тобы «АКТ бүгінгі күнгі мәселелері мен даму бағыттары» базалық курсын 2011жылғы желтоқсанға дейін әзірлеуді ұсынды;     
  • бағалаудың 100-балдық және сәйкестіктің  4 балдық жүйесін қабылдау мәселесі шешілді (кесте  2); тіпті бір сабақтан ғана 60 тан төмен балл алған студенттер тәжірибе алмасуға ШСҰУ ЖОО жіберілмейді;
  • магистрлік диссертацияға бірлесіп жетекшілік ету мүмкіндігі келісілді;
  • ШСҰУқатысушы серіктес ЖОО жеке курстарына қабылдау ережесі келісілді;
  • 2009жылдың 26-28 қазаны мен 2010жылдың қаңтарында ШСҰУ ұйымдастырушылары сараптаушы топтың ұсыныстары және ескертулерімен  танысып шықты,  кеңес қорытындысы бойынша магисрлік бағдарлама мен ОӘК жаңа үлгісі қабылданды. 2010 жылдың ақпанында ШҚМТУ, КЭК, КБУ ұүсынылған үлгі бойынша сертификат үлгісін ШСҰУ  порталына енгізді;
  • Алматыдағы кеңеске ҚР барлық төрт ЖОО магистрлік бағдарламаны келісу жөніндегі үйлестірушілер қатысты, онда магистрлік бағдарламалардың презентациясы болды және бағдарламаны келісу жөніндегі жұмыс қорытындысы шығарылды
  • Университеттің ақпараттық-технологиялық базасының жағдайын анықтау жөніндегі тексеріс болды. Барлық университеттер ақпараттық –коммуникациялық техноллогиялармен жақсы жабдықталған.
  • Факультеттер мен кафедрадаларда «IT-Технология»бағыты бойынша ШСҰУ бағдарламасымен студенттерді оқытуға байланысты әдістемелік кеңестер өтті.
  • Қазіргі кезде РФ, Қырғыз Республикасы серіктес ЖОО магистрлік бағдарламаларының ерекшеліктері зерттелді.
  • Магистранттар арасында тәжірибе алмасу үшін семестрлерді келісу жөніндегі ұйымдастыру жұмысы өткізілуде. Қазір келешектегі әрекеттің тетіктерінің кестесі жасалуда.   

ШСҰУ «IT-технология» бағыты бойынша магистранттарды дайындаудың басым курстары