«6М070500– Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы жүктеу
Оқу бітіру нәтижесінде түлектер зерттелетін жүйелер эволюциясын болжауға мүмкіндік беретін көптеген жүйелер мен процестердің математикалық модельдерін құруға және зерттеуге арналған технологиялар саласында маман ретінде жұмыс істей алады, сол арқылы қабылданатын шешімдердің дұрыстығын тексереді – әсерлерін бақылайды.
Түлектердің қызметтік аймақтары:
- желілерді басқару, ғаламтор-қосымшаларын әзірлеу;
- математикалық әдістер және компьютерлік технологиялар қолданылатын әртүрлі салалардағы (ғылым, техника экономика және басқару салалары) тәжірибелік және зерттеу жұмыстары;
- ірі өнеркәсіптерде, банктерде талдау және жорамалдау, жоспарлау жұмыстары;
- жеке фирмалар мен ассоциацияларда, банктерде заманауи математикалық және ақпараттық технологияларға негізделген есептік-аналитикалық және қаржылық операцияларды орындау;
- муниципалдық, аймақтық және мемлекеттік ақпараттық орталықтардарда экономикалық және техникалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу.
Оқыту бағыттары:
- салалық бағыт: техника және технологиялар магистрі –1,5 жыл;
- ғылыми және педагогикалық бағыт: техникалық ғылымдар магистрі – 2 жыл;
Рейтингтік агенттіктердің бағалары:
- 2014 жыл – ҚР АРТА бағасы, 2 орын;
- 2015 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
- 2016 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
- 2017 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
- 2018 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
- 2018 жыл – РРА бағасы, 2 орын.
Мамандық «6M060100 – Математика»
6M060100 – Математика мамандығынан магистратура 2001 жылы жоғары математика кафедрасында АА № 0000018 лицензиясы және ҚР БжҒМ 08.07.2002 ж №536, 03.08.2001ж №643 бұйрықтары негізінде ашылды.
6M060100 – Математика мамандығының білім беру бағдарламасы 2015 жылы №АВ0574 01.06.2015 бастап НААР мамандандырылған аккредитациядан өтті. Магистратурада мамандарды дайындау «Алгебра және математикалық логика» және «Есептеу математикасы» білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Магистранттар оқу үрдісі кезінде іргелі және терең білім қорын алады. Бағдарламаның негізгі пайдаланушылары мен мүдделі жақтары:
- жоғары, орта-арнаулы оқу орындары;
- математиканы тереңдетіп меңгеретін арнайы мектептер;
- білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органдары;
- математика және механика, информатиканың ғылыми-зерттеу институттары, қаржы-экономикалық және бақылау-аналитикалық қызмет, жаратылыстану-техникалық бейінді ұйымдары.
- 6М060100-математика мамандығы бойынша магистратураға түсү бағдарламасы
- 6М060100-математика мамандығының түлек моделі