8D05401 - Математика

  Мәтінді оқу  

8D05401-Математика білім беру бағдарламасы мазмұнының бірегейлігі жоғары ғылыми мәдениеті, ғылыми - зерттеу тәжірибесі және ғылыми зерттеулер процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және үйлестіру қабілеті бар, математика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде оның әртүрлі бағыттарында жоғары білікті математик мамандарды даярлауға бағытталуымен айқындалады.

Кәсіби қызмет объектілері

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызмет аясы: ұғымдар, гипотезалар, теоремалар, физика-математикалық модельдер, сандық алгоритмдер мен бағдарламалар, іргелі және қолданбалы математика, механика және басқа да жаратылыстану ғылымдарының мазмұнын құрайтын материалдар мен табиғи құбылыстардың қасиеттерін, физика-химиялық процесстерді эксперименттік зерттеу әдістері.

Кәсіби қызмет түрлері

Докторантураның білім беру бағдарламасын сәтті меңгерген түлектер келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалуда:

  • іргелі және қолданбалы математика, механика, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;
  • математика, механика, информатика саласындағы оқытушылық қызмет.