Білім беру бағдарламасының мақсаты: Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ұлттық және аумақтық салалық нарықтың әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге және әлемдік өнеркәсіптік бизнес жағдайында интеграциялануға қабілетті заманауи өнеркәсіптік индустрияда озық ресурстық тиімді технологияларды меңгерген инновациялық ойлауға ие PhD докторларын даярлау.
Кәсіби қызмет саласы: Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалау, технологиялық және конструктивтік ұйымдар, басқару органдары, білім беру мекемелері (педагогикалық училищелер, гимназиялар, лицейлер, колледждер, арнайы физика-математикалық бағыттағы мектептер), өнеркәсіптік өндіріс және т.б.
Кәсіби қызмет объектісі:
- Физика және механика, информатика ғылыми-зерттеу институттары және жаратылыстану-техникалық бейіндегі басқа да ұйымдар;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жоғары оқу орындары;
- Білім және жаратылыстану ғылымдары саласындағы мемлекеттік басқару органдары;
- Өз жұмысында физикалық модельдерді пайдаланатын әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар.
Кәсіби қызмет түрлері: Докторантураның білім беру бағдарламалары даярлықтың ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асырылады және бітірушілерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік дайындықты қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызметінің функциялары:
1. Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:
- кәсіби қызмет объектісінің бейініне сәйкес жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
- физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану;
- математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
- жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді қолдану;
- жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
- жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
- ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
- ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау.
2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
- кәсіби этика кодексін сақтау;
- өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.
Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 7 PhD докторы жүргізеді. Профессорлық-оқытушылар құрамы докторанттармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады.
Докторанттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады. Докторанттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық және Халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.
Бітіргеннен кейін және докторлық диссертациялық жұмысын қорғаған соң докторантқа 8D05301 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесі беріледі.