7M05401 - Математика

  Мәтінді оқу  

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

білім беру және ғылыми – зерттеу қызметтерінде пәнаралық практикалық міндеттерді шешуде алынған білім мен іскерлікті түсіну мен қолдануды байланыстыратын ең заманауи құралдар–математика мен құзыреттілікке ие, оқыту сапасының интегралдық сипаттамаларының спектрімен кәсіби есептерді шешу үшін жоғары білікті магистрлерді іргелі даярлау.

Қызмет саласы

  • Жоғары, арнаулы орта оқу орындары;
  • математиканы тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептер;
  • білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органдары;
  • математика және механика, информатика ғылыми-зерттеу институттары,
  • қаржы-экономикалық және бақылау-талдау қызметі мен жаратылыстану-техникалық бейіндегі ұйымдар.

Негізгі дағдылар

  • Академиялық қарым-қатынас дағдылары
  • Математикалық білімнің жалпы құрылымын түсіну, білімді дәйекті қолдана білу және негіздеу қабілеті;
  • Логика, математикалық пайымдау заңдарының әмбебап сипатын түсіну және оларды адам қызметінің әртүрлі салаларында қолдану қабілеті
  • Математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеу құралы ретінде меңгеру қабілеті;

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

Магистранттар еліміздің жоғары оқу орындарында, шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан сәтті өтеді.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі

Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен магистранттардың республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.