7M07108 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

  Мәтінді оқу  
(бейіндік бағыт, оқу мерзімі 1,5 жыл)
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі М104

 

1 – кешенді тестілеу пәні – Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

2- кешенді тестілеу пәні – Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары

Бейіндік магистратура өнеркәсіп үшін кадрларды тереңдетілген кәсіптік даярлаумен жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнын бітірген адамдарға қол жетімді. Мансаптық өсу мақсатында жаңа білім мен дағдыларды игергісі келетін мамандарға арналған.

Бейіндік магистратура кәсіптік және басқарушылық дағдыларды дамытуға және өндірісте жұмыс істеу үшін жетекші мамандар мен басшыларды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын іске асырады.

7М07108 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасы көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану бойынша білімі мен іскерлігін, технологиялық процестерді жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын және өндірісті басқаруды меңгерген тәжірибеге бағытталған маманды дайындауға арналған және: 

  •  көлік техникасын жобалау, жасау және пайдалану саласындағы ғылыми танымның дамуындағы заманауи үрдістер туралы білім;
  • көлік техникасындағы техникалық жүйелердің тиімділігін бағалай білу;
  • жаңа технологияларды әзірлеу саласындағы жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау;
  • технологиялық процестерді жүзеге асырудың барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру және басқару дағдыларын қалыптастырады.

7М07108 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасының түлектері өндіріс жөніндегі директор; сапа және техникалық бақылау жөніндегі директордың орынбасары; бөлім бастығы; инженер-конструктор; инженер-технолог; көлік техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер қызметін атқара алады.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары ҚР барлық меншік түріндегі кәсіпорындары болып табылады:

  • автоқұрастыру зауыттары,
  • автожөндеу кәсіпорындары,
  • көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар,
  • конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдар,
  • көлік, жол және құрылыс техникасын және олардың компоненттерін өндіретін машина жасау зауыттары,
  • машина жөндеу кәсіпорындары,
  • көлік, жол және құрылыс техникасы сервисінің кәсіпорындары мен ұйымдары

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін заманауи "Лу Бань шеберханасы" инновациялық зертханасы құрылды, ол қазірдің өзінде инженерлік практика, көлік техникасы мен технологиялары саласында, сондай-ақ экологиялық гибридті автомобильдермен және электромобильдермен жұмыс істеуге  білікті мамандарды даярлай алады.

   Luban Workshop («Лу Бань шеберханасы») – 2 сектордан тұрады:

  • Отын, гибридті және электр автомобильдеріне қызмет көрсету технологиялары секторы жеке ғимаратта орналасқан. Оқу зертханалық жабдықтар кешені, іштен жану қозғалтқышы, гибридті күш қондырғысы бар автомобильдердің және электромобильдің соңғы үлгілерін, сондай-ақ аталған автомобильдердің, олардың агрегаттары мен жүйелерінің құрылысын, диагностикасы мен техникалық сервисін зерделеу бойынша оқыту платформаларын қамтиды.
  • Автомобильдердің SMART технологиялары секторы автомобильдердің белсенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды автономды жүргізу бойынша автомобиль құрылымдарында SMART технологиялары мен жасанды интеллект элементтерін іске асыратын жабдықтар кешенін қамтиды.

Бұдан басқа, Көлік, көлік техникасы және технологиялар бағыты бойынша автомобиль отындары мен майларын сертификаттық сынау жөніндегі "САТиМ" ҒӨО" ғылыми-өндірістік орталығы бар, оған автомобиль бензиндерін, дизель отындарын және майлау материалдарын сынау жөніндегі жабдықтар кешені кіреді.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы және 1 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

Білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде оқытуға арналған үшжақты шарттарға сәйкес өндірістік алаңдарда өткізілетін өндірістік практикадан өту міндетті болып табылады. Барлық оқытылатын пәндер мамандардың кәсіби даярлығын тереңдетуге бағытталған.

Бітіргеннен кейін білім алушыға 7М07108 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары"білім беру бағдарламасы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлік диссертацияларды қорғау Шығыс Қазақстан облысының тірек кәсіпорындарында және Luban Workshop ("Лу Бань шеберханасы") зертханасында жүргізіледі.

Бейіндік магистратураны бітірген магистрант докторантураға педагогикалық бейін бағдарламаларын қосымша игерген жағдайда жіберіледі.

2023 жылы магистратура түлектерін жұмысқа орналастыру 100% құрады.

Докторанттардың сабақтары мен ғылыми консультацияларын өткізу үшін бірқатар шетелдік ғалымдар тартылды. Көлік, көлік техникасы және технологиялары бағыты бойынша Халықаралық инженерия мектебінің штаттық профессоры - Kot Marcin Adam-Doctor PhD Habil. Eng. профессор AGH University of Krakow.

Арнайы пәндер мен ғылыми кеңестерді жүзеге асыратындар шетелдік ғалымдар:

  • Piotr KOWALEWSKI, Associate professor, DSc. PhD. Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Wojciech Wieleba Professor, DSc, Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Liang Fang, Doctor PhD Tianjin University of Technology and Science
  • Sroka Zbigniew, Professor DSc, Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Bouchner Petr, Doctor PhD,  Professor Czech Technical University in Prague
  • Войнарович Сергій, техника ғылымдарының кандидаты, Е. О. Патон атындағы Электрмен дәнекерлеу институты Украина ҰҒА.