(бакалавриат, оқу мерзімі 4 жыл)
Білім беру бағдарламалары тобының коды – В071 Инженерия және инженерлік іс
Күндізгі бөлім: оқу мерзімі 4 жыл
Бейіндік пәндер:
1 бейіндік пән – математика, 2 бейіндік пән – физика
Берілетін дәреже:
Техника және технологиялар бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін, тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық салада цифрлық технологияларды әзірлей, енгізе және сүйемелдей алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
Кәсіби қызмет объектісі:
Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеуге арналған машиналық технологиялар мен машиналар кешені; фермерлік және шаруа қожалықтары.
Кәсіби қызмет саласы:
Агроөнеркәсіптік техниканы жобалау; ауыл шаруашылығын цифрландыру.
Маманның лауазымдары:
- техникалық сервис кәсіпорындарының инженері
- техникалық инспекция инженері
- жобалау ұйымының инженері
Кәсіби қызмет функциялары:
- өндірістік-технологиялық
- ұйымдастырушылық-басқарушылық
- есептік-жобалық
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
«6В07118 Цифрлық агрожүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
26.03.2026