Кәсіби бағдар-бұл жас ұрпақты болашақ мамандықты таңдауда өзін-өзі анықтауға дайындауға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар жүйесі.
Кәсіптік бағдар-оқушылардың мамандығын таңдау жолындағы маңызды элемент. Егер профақпарат жастардың әртүрлі мамандықтар мен кадрларды даярлау шарттары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға арналған болса, онда кәсіптік бағдар мамандық таңдауға әсер ететін практикалық шаралар кешені болып табылады.
Қаланың жалпы білім беру мекемелерінің білім алушыларын кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмыстың мақсаты- білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және республика мен қаланың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік бағдарлау жұмысын жетілдіруге бағытталған.
Университетте ашық есік күндері, экскурсиялар, оқушылар үшін “Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл…”, "Мамандықтар шеруі"және "Пайдалы демалыс" жобасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Оқушылармен және ата-аналармен белсенді онлайн үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілуде.
Қалалық мектептердің шақыруы бойынша жоғары оқу орындарымен және білім беру бағдарламаларымен танысу мақсатында апта сайын ата-аналар жиналысы өтеді, оларға біздің мектептің барлық оқытушылары мен кәсіптік бағдар берушілер қатысады.