Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі тәрбие жұмысы студенттің жеке басын қалыптастыру процесіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие сабақтан тыс педагогикалық іс-әрекеттің жеке элементі емес, жалпы оқыту мен даму процесіне біріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің қажетті органикалық компоненті болуы керек.
Қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы кәсіби білімі, жоғары мәдени деңгейі бар, өзін-өзі дамыта алатын және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ЖОО түлегін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінде тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
- Еріктілер қозғалысын дамыту;
- Патриоттық тәрбие;
- Рухани-адамгершілік тәрбие;
- Мәдени-бұқаралық жұмыс;
- Салауатты өмір салтына мотивацияны қалыптастыру: салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар;
- тәуелділіктің алдын алу (нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу);
- Жастар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын алу.