ШҚМТУ мен НИЯУ МИФИ университеттерінің қос дипломды білім беру бағдарламасы
2019 жылдың тамыз айында НИЯУ МИФИ делегациясы проректор Леонова Татьяна Николаевнаның жетекшілігімен ШҚМТУ-ға келіп, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бірлескен (қос диплом) оқу бағдарламалары туралы келісімге, сондай-ақ «Материалдар мен процесстердің физика және химиясы» атты бакалавриаттың білім беру бағдарламасын құру туралы қосымша келісімге қол қойды.
ШҚМТУ тарапынан бұл бағдарламаға «Атом энергетикасына арналған материалдар», «Уран өнімдерін алудың инновациялық әдістері», «Техникалық физика», «Металлургия», «Жылу энергетикасы», «Электр энергетикасы», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару» мамандықтарының студенттері қатыса алады . Қыркүйек айында өткен іріктеу сынақтарына жалпы 111 студент қатысты, оның ішінде 64-і бірлескен оқу бағдарламасына қабылдану үшін ұсынылғын болатын. Соңында, бағдарламаға барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін ШҚМТУ-дың 53 студенті қабылданды. 1-7 қазан аралығында біздің студенттер Мәскеудегі MEPhI университетіне бірлескен оқу бағдарламасы кестесіне сәйкес 1 семестр оқуын бастады.
Қазан мемлекеттік энергетикалық университетімен ынтымақтастық келісіміне кол кою рәсімі
- Атом-ТМД қызметін дамыту, қатысушы мемтекеттердің бастамалары, келе жатқан жылға қойылғын жұмыс жоспарлары;
- World skills трендін дамыту;
- Қажетті құзыреттіліктерді талдау және бақылау;
- Ұлттық орталықтар арқылы atomskills аясында ұйымдастырылатын сайыстарына командаларды дайындау;
- Университеттер аралық деңгейде зертханалық жабдықтарды пайдалану және бірлескен немесе ұлттық Worldskills командаларын ұсыну.
21.02.2020