Орталық 2019 жылдың қыркүйек айында Өскемен халықаралық жоғары техникалық мектебінің базасы негізінде құрылды.
Халықаралық білім беру орталығының негізгі мақсаты - білім беру бағдарламалары мен жобаларды бірлесе жүзеге асыру арқылы академиялық ынтымақтастықты дамыту.
Ортылығымыздың басты міндеттері:
- бірлескен білім беру бағдарламасы арқылы жоғары білікті мамандарды даярлау;
 - бірлескен білім беру бағдарламаларың дайындауға және іске асыруға көмектесу;
 - бірлескен білім бері бағдарламалары аясында ШҚМТУ студенттері мен магистранттарының академиялық алмасуын ұйымдастыру;
 - ШҚМТУ имиджін жоғарлату.
 
Халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының атқарымы:
- студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға бірлескен білім беру бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес беру;
 - бірлескен білім беру бағдарламасына қатысушыларының өтінімдерің қабылдау;
 - оқыту бөлімдерімен үйлестіру және кеңес беру жұмыстары;
 - халықаралық қауымдастықтармен бірлескен білім беру бағдарламасың енгізу бойынша өзара әрекеттесу;
 - бірлескен білім беру бағдарламасына қатысушы студенттер мен магистранттардың жеке жоспарларын келістіру;
 - ШҚМТУ порталында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде бірлескен білім беру бағдарламалары орталығының қызметін көрсету.
 
20.02.2020





