«Design Room 7D» Оқу-өндірістік орталығы

  Мәтінді оқу  

«Design Room 7D» оқу-өндірістік орталығы сәулетші, дизайнер мамандардың практикалық дайындығының тиімділігін арттыру, шарттық жұмыстарды орындау, университетті дамытуға бағытталған жұмыстарды орындау, оқу, ғылыми және өндірістік қызметті дамыту, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқу-көмекші персоналының жобалау жұмыстарын орындауға қатысуын қамтамасыз ету, университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту үшін халыққа ақылы өндірістік және білім беру қызметтерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

«Design Room 7D» оқу-өндірістік орталығының негізгі міндеттері:

  • Дизайнерлік және сәулеттік жобаларды орындау;
  • Құрылымдық және технологиялық шешімдерді іздеу;
  • Жиһаз жасау;
  • Жарнамалық-безендіру өнімдерін дайындау;
  • Жобалаудың шығармашылық үдерісіне студенттерді, магистранттарды және кафедра қызметкерлерін тарту.