"Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" фронт – офис Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму стратегиясын іске асыру үшін онлайн сервис жүйесінде қызметін бастайды.
Фронт-офистің жұмыс істеу мақсаты-университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар қызметінің барлық бағыттарын үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі формаларынан бос атмосфера мен аумақты құру.
"Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" фронт–офисі қызметінің негізгі міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы университет қызметін үйлестіру;
- жоғары оқу орындары аумағында өтетін барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу,
"Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет" фронт-офисінің құрылымы:
- Адалдық Лигасы, Академиялық адалдық жөніндегі комиссия
- Штаб Таза сессия
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу орталығы
- "Адал" студенттер орталығы.