ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия ЖОО оқу үшін құжаттарды қабылдау ашылды | 
| 
 2023 жылғы 22 мамырда сағат 10.00-де ағылшын тілі бойынша тестілеу өткізу үшін грантта білім алатын 1-3 курс студенттерін Г1-217 аудиториясына шақырамыз (IELTS / TOEFL сертификаты жоқ адамдар үшін). Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, қаламыңыз болуы керек. IELTS/TOEFL сертификаты барлар үшін тіркелу сертификатымен бірге келіңіз.  | 
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Еуропаның, АҚШ-тың және Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші университеттерінде бакалавриат деңгейінде мемлекеттік грантта оқитын студенттерге 1 семестрге білім алуға мүмкіндік береді.
Қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: ұшу, тұру, визалық алымдар, медициналық сақтандыру.
Конкурстың басталуы туралы ақпарат университеттің бас ғимаратындағы электронды таблоға, ШҚТУ білім порталындағы студенттің жеке кабинетіне, университеттің ресми әлеуметтік желілеріне, сондай-ақ мектептерге/факультеттерге жіберіледі.
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтініш;
 - Паспорттың көшірмесі;
 - Транскрипт;
 - Шет тілін білуді растайтын сертификат;
 - Марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б.
 
25.05.2023